Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол бойындағы әжетханадан жаңа туылған сәби табылды (видео)

Алматы-Ташкент автотрассасының бойында орналасқан әжетханадан жаңа туылған нәресте табылды. Сәби әжетхананың тесігінен шұңқырға түсіп кеткен.

photo_82768

Жолаушылар нәрестені 2 қаңтар күні тауып алып, бірден жедел жәрдем шақыртқан, – деп хабарлайды nur.kz сайты

Әжетхана шұңқырынан табылған сәбидің видеосы “ВКонтакте” әлеуметтік желісінде пайда болған.

Нәрестені шұңқырдан шығару үшін құтқарушыларға бетон еденді бұзуға тура келген. Жас сәби жылауға шамасы келмей, әрең қозғалып жатқан. Еденге жағылған қызыл қанға қарап, баланың әжетханада туылғанын болжауға болады.

Қазір нәресте Луговой ауданының орталық ауруханасында ем алуда. Сәбидің анасы әлі табылған жоқ. Полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

Талқылау