Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол бойында өлі күйінде табылған нәрестенің әкесі ұсталды

 Жамбыл облыстық полицейлері жол бойына лақтырылып өлі күйінде тасталған нәрестенің әкесін және анасын тасымалдаған көлік жүргізушісін тапқан.

10785045 (1)Бұл туралы Жамбыл боблыстық ІІБ баспасөз қызметі хабарлап отыр. 2016 жылдың 13 қаңтарында Талас ауданында жаңа туылған сәбидің денесі табылған еді. Осыған қатысты ҚР заңының 99 бөлімі, 2 пункті бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Мұнан соң құқық қорғаушылар сәбидің анасы мен әжесін тауып алған еді.

Кәмілеттік жасқа толмаған жас ана Тараз қаласындағы ауруханада жатыр. Оның денсаулық жағдайы бірқалыпты.

“Сәбидің әкесі деген күдікпен 1998 жылы туылған ер адам ұсталды. Ол енді “кәмілеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа барды” деген айыппен сот алдында жауап беруі мүмкін. Қазіргі таңда ол қатаң бақылаумен ата-анасына қайтарылды”, – дейді полиция өкілдері.

Сот осы оқиғаға орай табылған нәрестенің әжесін екі айға қамауға алуға санкция жариялады.

Сәбидің анасын тасымалдаған көлік жүргізушісінен де жауап алынады. Оған “қылмысқа бей-жай қарау” бабы бойынша алты жылға, “қауіпті жағдайға душар ету” бабы бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Ертеректе, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дәретханаға тасталған жаңа туылған сәби табылған еді. Бақытқа орай, нәресте тірі қалған. Бірнеше күн өткен соң тәртіп сақшылары оның анасын да ұстаған. “Баласын өлімге итермеледі” деген айыппен іс жүргізіліп жатыр.

Читайте также:

Doll on the rocksМладенцы на трассах: почему женщины в Казахстане убивают собственных детей

 

Талқылау