Жол бойында көлік қағып қаза болған полицейдің артында жүкті әйелі қалды

Сәрсенбі, 28 Маусым , 2017 23:00

Алматыда полицейлер қаза болған әріптестері Жандос Нұрғазиевті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

788934545456456

Жерлеу Алматы облысы Іле ауданы Жаңа дәуір ауылында өтті.

«Бұл барлығымыздың қабырғамызды қайыстырар қайғы болып отыр. Жандосты жер қойнына тапсырып жатырмыз. Оның өмірінде алдына қойған мақсаты көп еді. Биыл ғана қарт ата-анасын Алматыға алып келген болатын», – деді Салтанат Әзірбек.

Салтанат Әзірбектің айтуынша қаза болған полицейдің артында әйелі мен екі қызы қалды. Әріптестері марқұмның өнерлі болғанын айтты. Жерлеу рәсіміне ІІД басшысы Серік Күдебаев бастаған полиция қызметкерлері түгел келді.

Марқұм полиция капитаны 1986 жылы туған Жандос Нұрғазиев Алматы ІІД жедел әрекет ету жасағында, ішкі істер органында 2009 жылдан бастап аға инспектор болып қызмет етті.

«Капитан Нұрғазиев 2001 жылы «Қазақстан – менің Отаным» байқауының, 2015 жылы ҚР ІІМ ұйымдастырған «Мәңгілік ел боламыз» байқауының лауреаты атанды. Ол бірнеше жыл бойы полицияның имиджін көтеру мақсатында ақпараттық насихат тобын басқарып, бүкіл елді аралап шыққан. Жандостың таланты ОҚО, СҚО, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облыстарындағы ІІО әріптестерін тәнті етті. Оның қазасы барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды…», – деді ІІД кадрлық жұмыс басқармасының басшысы Ораз Жолдасов.


Тағы да оқыңыз:

Қырғызстанда тура шекарада қанды теракті жасамақ болғандар қолға түсті

Колледж түлектерінің былапыт сөзді қарша боратқан атышулы видеосы жұртты шошытты

Қазақстан боксының жарық жұлдызы Василий Жиров ислам дінін қабылдады (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар