Жол апатынан төсекке таңылған астаналықты алаяқ алдап кетті

Сенбі, 9 Сәуір , 2016 12:05

Жол апатынан соң төсекке таңылған астаналық Нұрлан Сыздықовты алаяқтар алдап соққан. Оның банктегі есепшотынан 400 мың теңге жоғалған. Жоғалып кеткен ақшаны көмектескісі келген қазақстандықтар салған екен. Ақша оның күрделі операциясына қажет болған.

норе

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Нұрлан Сыздықовтың отбасы бір тәуліктен бері мына жағдайды естіп, естен танып отыр. Олар осыншама қатігез адамдардың бар екеніне таңқалған. Оған алматылық бір адам хабарласып ЖСН нөмірі мен банк картасының нөмірін жіберуді сұраған. Ол ірі сомадағы ақшаны сылтау етіп хабарласқан. Ол бір рет ғана хабарласпай, үнемі қоңырау шалып денсаулығы туралы сұрап тұрған. Ол шотыңа ақша түсті деп хабарлаған кезде, керісінше шоттан 386 мың теңге жоғалып кеткен.

“Адамдардың сеніміне кіріп алдап соғатын сондай алаяқтар бар. Бұл ақшаны қалай ғана дәті барып пайдаланады екен. Ол бәрібір бақыт әкелмейді”, – дейді Нұрлан Сыздықовтың қайын енесі Валентина Ғарифуллина.

Нұрланның өмірі тоғыз ай бұрын күрт өзгерген. Оның көлігінің алдынан адам жүгіріп өткен. Дереу көлікті бұрған Нұрлан, ағашқа барып соғылған. Дәрігерлер екі жасар ұлдың әкесінің жүре алмай қалғанын хабарлаған. Тек Новосібір дәрігерлері ғана үміт сыйлаған. Сосын келіншегі мен енесі дереу операцияға қаражат жинастыра бастаған.

“Мен Новосібірде бір операция жасаттым, олар үміт сыйлады. Аяқтан тұрып кетесің деп айтты. Уақыт өткен соң мен өз аяғыммен жүріп, бұрынғы өміріме қайта ораламын”, – дейді Нұрлан.

Нұрлан енді банк пен полицияға арыз жазып қойды.

“Банк өз тарапынан күдіктіні ұстау үшін құқық қорғау органдарына ақпарат береді. Онда ақшаның аударылғану туралы құжат бар”, – дейді “Қазақстан халық банкі” АҚ PR маркетинг департаментінің директоры Сағынбек Шүнкеев.

Енді іспен полиция айналысады. Тәртіп сақшылары қылмыскерді іздеуге кіріспек. Ал Нұрлан Сыздықовтың операциясы бір айдан соң болмақ. Ол ақшадан бөлек әлі бір жарым миллион теңге қажет.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ай, ит-ай…Аяғыңнан тұрып кетші бауырым, ақшаның орны сонда толар.

  • Жұмбақ жан says:

    Ондай онбагандарды аямау керек жазасын алсын. Муктаждын акшасына кол сугып неси бар екен. Жауыздар клен ертен оздеринин кандай боларларына коздери жетип отр мекен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар