Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан қаза тапқан қазақстандық жұлдыздар

Ғылым мен техника қарыштап дамыған сайын көлік саны артып, түрлері де көбейіп келеді. Адамынан көлігі көп жолдарда көлік апатының да көптеп орын алып, қанша адамның қайғылы жағдайға душар болғаны өкінішті жайт. Солардың ішінде халық жадында қалған қазақстандық жұлдыздар да бар, – деп хабарлайды Stan.kz.

мадина

2000 жылы қарашаның 27-сі күні Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Мәдина Ералиева көлігімен аударылып, сол жерде қаза тапты.

Beczat-Sattarhanov
2000 жылы желтоқсанның 31-і күні Сидней олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттарханов 20 жасында жол апатынан қайтыс болды. Жаңа жылды өз үйінде қарсы алмақ болып жолға шыққан спортшы Темірлан ауылының маңында жол апатына ұшырады.

наби

2009 жылы 15 маусымда қызылордалық жас өнер жұлдыз Нәби Аймұратов жол апатында қаза тапты. Көлік апаты “Самара-Шымкент” тас жолының Шиелі ауданы аумағында болған.  Сыр бойы өнер сүйер қауымының көзайымына айналған талантты әнші Нәби Аймұратов өзінің басқаруындағы  автокөлігінің рөліне ие бола алмай аударылып, апат салдарынан жарық дүниемен қош айтысты.

руслан
2009 жылы шілденің 16-сы күні тележүргізуші, әнші Руслан Бөлебай жол апатынан көз жұмды.

бакытжан
2010 жылы наурыздың 4-і күні «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Бақытжан Жұмаділов бақилық болды. Ол «Дос-Мұқасанның» тағы бір мүшесі Досым Сүлеевпен бірге Қордай асуынан түсіп келе жатқан беті болатын.

ораз
2005 жылы қарашада алашқа танымал айтыскер ақын Оразалы Досбосынов Алматы облысы Шонжы ауылынан келе жатқан жолда апатқа ұшырап қаза тапты.

ажар

2011 жылы Оразалы Досбосыновтың жары, “Анаға хат”, “Сағындым сені” атты әндерімен халыққа танымал болған әнші Ажар Түзелбекқызы да жол апатына ұшырады. Ол мінген көлік Алматы-Талдықорған трассасының бойында талға соғылған. Әнші Қапшағай ауруханасында көз жұмды.

ержан

2011 жылы 26 қыркүйекте қазақ өнері тағы да қайғы жамылды. Әнші, сазгер Ержан Серікбаев 50 жасқа толған шағында жол апатынан қаза тапты. Ол осы оқиғадан бір күн бұрын ғана Алматыдан туған жері – Арыс қаласына асығып аттанған екен. Сазгерді сонда көлік қағып кеткен. 70-тен аса ән жазған Ержан Серікбаевтің «Шымкенттің салқын сырасы» қалжың әні халық ішінде кеңінен таралды. Оның “Қала”, «Көтерейік, кәне, достар», «Інжу маржан», «Алматы таңы», “Қазақ жігіттері” сияқты шығармалары ел сүйіп тыңдайтын тамаша туындыларға айналды. Марқұмның артында жұбайы мен ұлы қалды.

антон

2014 жылы 10 қазанда қазақстандық әнші Антон Самойлов жол апатынан қайтыс болды. Антон Самойлов отандық тыңдармандарға «Сүйем сені ғана» әнімен танылған еді. Талантты әнші көбіне лирикалық әндерді орындап танымал болды. Жол апаты кезінде сөз байласқан сүйіктісімен бірге көз жұмған.

Талқылау