Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған үнді баланың жүрегі салынған қазақстандық қыз қалыпты өмір сүруде

Осыдан бір жыл бұрын 12 жастағы үнді баласы Адиз Поулсонның жүрегі қазақстандық Дильназ Исанға ота арқылы ауыстырылып салынған болатын.

н

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Жеткіншек жол апатынан қаза болып, ата-анасы оның жүрегін өлім аузында жатқан қазақстандық қызға ауыстырып салуға келіскен.

Осылайша дәрігерлер Дильназдың өмірін ұзартты. Дәрігерлердің айуынша, қазақстандық қыз Үндістанға ауыр халде жеткізілген. Оның өмір сүру үміті аз болған. Ота сәтті жасалып, дәрігерлер оның денсаулығы жақсарғанын айтқан.

Безымянный

Дильназ Үндістанда екінші туған күнін атап өтіп жатқанда, жерлестері Көкшетауда флешмоб ұйымдастырып, аспанға бірнеше шар ұшырды. Шардың ішінде жүрек пішіндес қызыл шар алғашқы болып әуеге самғаған еді.

«Енді Дильназ өзгелер секілді толыққанды өмір сүре алады. Мектеп барып, спортпен айналысуына, билеуіне болады. Бір сөзбен айтқанда қалыпты өмір сүре алады дейді», – үндістандық дәрігерлер.

Гүлмира Матхаликова

Жіберіп алмаңыз:

70 жастағы батыр ананың жүрегіне ота жасалды

Салмағы 350 келі болатын қостанайлық әйелге отаны тегін жасайтын болды (фото)

Ернін бірнеше рет үлкейткен британдық тағы ота жасатпақшы (фото)

Талқылау