Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан аман қалған жұлдыздар (фото)

Апат айтып келмейтіні белгілі. Тосыннан келген құбылыстан аман қалып, тәубе еткеннен басқа шара жоқ. Өмірінің көп бөлігі сахна мен жол үстінде өтетіндіктен де, өнер адамдары жол сынағына жиі ұшырайды.gallery_15242_332_58122

Концерт пен тойға асығамын деп талай жұлдыз фәни жалғанмен де қош айтысқан. Алланың қалауымен аман қалған жұлдыздарды бүгін тізбелеп көрген едік.

Осыдан екі жыл бұрын Нұржан Керменбаев пен “Арай” тобы апатқа ұшыраған болатын. Қыстың қақаған күндерінің бірінде олар Тараз қаласын бетке алады. Жердің көктайғақ болуы жол сапарға едәуір кедергісін тигізеді. Ақыры, діттеген жерге жетуге санаулы шақырымдар қалғанда, көлік апатқа ұшыраған. Әйтеуір, үшеуі де жеңіл жарақаттанып, аман қалады. Бірақ, белгіленген концерттің уақытынан кешігіп, халықтың наразылығының астында қалған. yxeshmgafsx1

maxresdefault

2009 жыл. Жаз айы. Шиелі ауданы маңындағы тас жолда жас әнші Нәби Аймұратов пен Еркін Нұржановтың көлік апатына ұшырауы күллі халықты дүрліктірді. Өкінішке орай, өнер көгінде шолпан жұлдыздай жарқ еткен Нәби апат орнында көз жұмды. Көліктің артқы салонында отырған Еркін Нұржановтың қабырғалары сынып, жедел ауруханаға жеткізілген. Әншінің денсаулығы 2-3 ай дегенде барып, әзер қалпына келді. maxresdefault (1)

Осы жылдар аралығы қазақ өнері үшін қайғылы кезең болғаны рас. Танымал әнші Нұржан Қалжан мен белгілі тележүргізуші Руслан Бөлебай Алматыда Гагарин көшесінің бойында өзге көлікпен соқтығысып, ірі апатқа ұшырайды. Абырой болғанда мойнынан жарақат алған Нұржан Қалжанның көрер жарығы бар екен. Ал, талантты жүргізуші Руслан, көлік ішінде қаза тапты. Осыдан кейін ұзақ уақыт өнеріне демалыс жариялап, ем қабылдаған Нұржан көліктің рөліне де бір жыл бойы отырмапты. Сұхбаттарының бірінде, әнші көлікке жәй отырудың өзіне қорқып қалыппын деген болатын.

Безымянный

Былтырғы жылдың ең оқыс оқиғаларының бірі, “Азия” тобының әншісі Ринат Баситовтың жол апатына түсіп, ауыр жағдайға ұшырауы. Кезекті әндерінің біріне клип түсірген топ мүшелері Алматыға қайтып келе жатады. Ринат рөлде отырған көлікте топ мүшесі Нұрсұлтан да болған. Ал Ербол өзге көлікпен кейіндеу келе жатыпты. Бірнеше күнге созылған жұмыстан әбден қалжыраған Ринаттың бірер секунд көзі ілініп кетеді. Осы кезде қарсы бетте келе жатқан темір тіркемесі бар Камаз жүк машинасына қалай жанасқанын да байқамай қалған. Одан кейінгінің бәрі бұлыңғыр. Көліктердің соқтығысы. Естен тану. Ринат есін аурухана палатасында жинаған. Ал Нұрсұлтан көліктің артқы бөлігінде отырғандықтан, жарақат алмаған. Машинаның тіпті сау-тамтығы қалмаған. Осы оқиғадан кейін Ринат, өзінің өмірге деген көзқарасы өзгергенін, енді жақындарын, келіншегі мен баласын бұрынғыдан да ерекше қадірлейтінін айтқан еді. maxresdefault (3)

Мұндай сынақ Қайрат Нұртасты да айналып өтпепті. Анасы Гүлзира ол бір ауыр кезең болғанын, “Өкініш” фильміндегі жол апатының да Қайраттың өмірінен алынған оқиға екенін айтады. Тіпті, Қайраттың жанарына жарақат түсіп, көзінің қасында тыртық та қалған. Әншінің соңғы жылдары көзілдірік тастамайтының да бір себебі сол екен. 20a51b48-edf1-4c83-9bb4-a88944a475e0

“Орда” тобының әншісі Дастан Оразбеков өткен жылдың өзінде оншақты жол-көлік оқиғасына тап болыпты. Соның ішіндегі ірісі Қордай асуында болған апат екен. Бір қарағанда, әнші қатты да жылдамдықпен келе жатпаған. Алайда мұз айдыны секілді болып жатқан жолдың үстінде абайсызда тежегішті қатты басып қалып, көлік бір орында шыр айналады. Сосын жол жиегіне қарай жылжып кеткен. Абырой болғанда, көлік сайға түсіп кетпей тоқтап үлгеріпті. Түн ортасында, қыс айында Дастан қолын сермеп көлік тоқтатуға мәжбүр болады. Алайда ұзақ сапарлап бара жатқандардың ешқайсысы қайырылмайды. Ақыры Дастан сол жолы көлікті өзі жөндеген. maxresdefault (4)

Әнші Нұрлан Албан да өмір мен өлім арпалысын бастан өткізген. Қазір Нұрлан сол сәтті еске алғысы да келмейді екен. 2000 жылдары болған апат кезінде, оның мінген көлігі жол жүруге жарамсыз болып қалған. Тіпті, қарсы тарап жол-көлік оқиғасына Нұрланды кінәлі деп, оқиғаның арты біраз дауға да ұласыпты. Бірақ, сол кездерде әнші, отандық телеарналардың бірінде тележүргізуші болып қызмет атқарып жүреді. Нұрланның кінәсіздігі дәлелденіп, ақталып шығуына журналистер қауымы да үлкен үлес қосыпты. 8fd1a0e28610386752b3928bcec0789c

Тараз қаласына іссапармен барған Нұрлан Еспанов, жол оқиғасының кесірінен сынған көлігін болмашы ақшаға сонда сатып қалдырыпты. Әнші мінген көлік сағатына 150 шақырым жылдамдықпен қатты келе жатады. Ал бес бала мінген көлік жарығын жақпай келе жатыр екен. Олар тура жақындаған сәтте фарын жағып қалып, Нұрлан көлігін тізгіндеп үлгере алмай қалады. Әйтеуір, інісі басынан жеңіл жарақаттанып, өзі қолының сүйегін шығарып ала жаздап аман қалады. 48337477

Көлік тізгінінде келе жатып ұйықтап кетіп, жол апатына ұшырағандардың бірі – Өмірқұл Айниязов. Бірер сәттік ғана басыңнан өте шығатын сондай жағдайда, адамның миы қалыптан тыс тез жұмыс істеп кететіне әнші қазір таң қалады. 8 наурыз күнгі концертіне қатысу үшін жолға шыққан Өмірқұл, көктайғақтың кесірінен тас жолдан ұшып кеткен. 8G0A6607

Талқылау