Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғары білім алуға қарсы шыққан Ғалымжан Молданазарды эстрада жұлдыздары құптамады

Әнші Ғалымжан Молданазар Алматыдағы ЖОО студенттерімен кездесіп, ой бөлісті. Әнші табысты әрі танымал болу жоғары білімге тәуелді емес екенін айтты.

64op5ntci8Y

«Көптеген жастар тек диплом үшін оқиды. Мен бұған қарсымын. Оқуға түспес бұрын әр жастың «Бұл маған керек пе? Болашақта немен айналысқым келеді» деп сұрақ қойғаны жөн шығар», – деді әнші Ревю бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, жуырда ресейлік әнші Сергей Шнуров Санкт-Петербург студенттерімен кездесіп, дәл осындай ой білдірген болатын.

Алайда отандық эстрада жұлдыздарының көпшілігі Молданазардың бұл ойымен келіспейді.

«Мен өмір бойы ән айтапаймын ғой. Мүмкін күндердің күнінде сәті түсіп, депутат не әкім болуға мүмкіндік түсетін шығар. Ол үшін маған білім керек емес пе?» – дейді «Азия» тобының әншісі Ербол Шәріпов.

Кентал эколог мамандығы бойынша білім алған. Әнші ата-анасына дипломын көрсету үшін ғана оқығанын мойындады.

«Диплом негізінен ата-анама көрсету үшін керек болған шығар», – деді ол.

Есесіне, жоғары білімді болуды көздейтін өнерпаздар да аз емес. Мәселен, биыл Мейрамбек Беспаев, Жанар Дұғалова, Әлішер Кәрімов сынды өнер жұлдыздары білімдерін шыңдау мақсатында магистратураға түссе, Сәкен Майғазиев ғылым докторы атанбақ. Сол себепті Ғалымжанның сөзіне ермес бұрын «жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз» жөн болар.

Жіберіп алмаңыз: 

Көруге тұрарлық бейнебаян: Молданазар қазақстандықтарды елжіретті (видео)

Әншінің анасы: Гүлнұрды танымал еткен әуелі Алла, екінші – өмірлік жолдасы

Бейнебаян түсіруге ақшасы жетпеген Серікбол Сайлаубек қол жайып қайыр сұрады

Танымал әзілкештер түрік сериалына пародия жасап “Сұлтан Сүлейман брат” киносын түсірді (видео)

 

Талқылау