Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы соттың көңілдес әйел мен балгер туралы сауалы Қазнетті таңқалдырды

Қазақстанның Жоғарғы соты әлеуметтік желідегі қолданушыларға арналған интернет-викторинаны ұсынды.

67a6b20a1d2fcd5a3ff4afa7657

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Ақтаудағы судья рәсімдеген сауалдардың бірі интернет-қолданушыларының көңілін көтеріп, таң-тамаша етті.

“Сіздің құрбыңыз өз күйеуінің басқа әйелмен құпия кездесіп жүргенін балгер арқылы біліп қойды делік. Балгер сыйақы үшін қарсыласты дуалап тастауды ұсынады. Ол көңілдестің пәтеріне келіп, дуалап, сыйақысын алып кетіп қалады. Ол күйеуінің көңілдесі жақын арада өледі деп айтады. Бұл ретте сіздің құрбыңыз бен балгер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек пе?” – деп айтылады сұрақта.

17d9a3cf534cb8794fd879d261b2777c

Сұрақты ақтаулық судья Нұртуған Тұржанов қойған. Ал дұрыс жауабы: қылмыстық жауапкершілік қолданылмайды.

Бұл сауалдар акциясы 31 қазаннан 9 қарашаға дейін созылады. Викторинаға қатысу үшін әлеуметтік желілер арқылы авторизация жасау қажет.

Талқылау