Жоғалып табылған Айзада Авлатарованың ағасы мен сіңлісі Ұлттық ұлан сарбаздарына алғыс айтты

Сейсенбі, 15 Желтоқсан , 2015 11:54

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтіп, онда бірқатар үздік жауынгерлер марапатталды.

566ea4538bb113_DSC4286111

Бұл туралы Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлайды.

Марапатталғандардың ішінде Алматы облысы Іле ауданы Жетіген кентінен шығып бара жатып жоғалып кеткен 20 жастағы Айзада Авлатарованы табуға үлкен септігін тигізген әскери қызметшілер де бар. Оларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Әлібек Серәлиев ерекше құрмет көрсетіп, қатардағы жауынгерлер Нұржан Тілеухан мен Бибол Бинұровқа туған жеріне 10 күн демалыс жарияласа, «Зерон» атты итпен жұмыс жасайтын кинолог Арман Әлімбетов пен жасақ жетекшісі Руслан Сердалиновты «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» кеуде белгісімен наградтау үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына жеделхат жолдады.

SONY DSC

Салтанатты іс-шараға Айзада Авлатарованың ағасы Токтиев Руслан Якимович пен сіңлісі Гүлзара арнайы келіп, Айзаданы табуға үлкен көмегін тигізген әскери қызметшілерге үлкен рахметтерін айтты және алғыстарының белгісі ретінде өздерімен бірге ұландықтарға арнап «Ұйғыр биін» ала келді.

Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. Біз, бұл жетістігімізге ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен отандастарымыздың жанқиярлық еңбегі, сондай-ақ, елім деген есіл ерлердің ерен ерліктері арқасында қол жеткіздік.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өздерінің Отан алдындағы әскери борыштарын адал атқара жүріп, мемлекетіміздің егемендігінің нығаюы жолына қыруар үлес қосуда. Тәуліктің кез келген уақытында қоғамдық тәртіпті сақтау, стратегиялық маңызды мемлекеттік нысандарды күзету, сонымен қатар аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау бойынша жауынгерлік міндеттерді орындап жүр. Соның арқасында ұландықтар Күштер құрылымдарында өздерінің лайықты орындары мен бағасын алуда.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар