Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен Эллина Кульдинаның денесі Нұра өзенінен табылды

Жоғалып кеткен Эллина Кульдинаның денесі Нұра өзенінен табылды. Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов хабарлады.

photo_185208

Сурет Ақмола облыстық ІІД

Советов қыздың денесі бүгін кешке Нұра өзенінен табылғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, 2 жасар қыз 10 мамырда жоғалып кеткен болатын. Қыз бала ата-анасымен бірге қыдыруға келген. Серуеннен соң көліктеріне заттарын тиеп жатқан ата-ана қыздарынан көз жазып қалған. 12 мамыр күні өзеннен Эллинаның шарфы табылған.

Оны іздеуге құтқарушылар, еріктілер мен полиция күші жұмылдырылған еді. Кейінірек Нұра өзеніндегі су қоймасындағы шлюз ашылған. Сонымен, қатар ата-анасына да жауапкершілікке тартылған. Бұған дейін Эллинаны іздеген еріктілердің өзге қыздың денесін тапқаны да жазылған еді.

Талқылау