Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен Сафар Шәкеевті іздеу жұмыстары үшін тікұшақ қызметі де іске қосылды

Сафар Шәкеевті іздеу жұмыстарына Алматы полициясы тікұшақ пен атты жасақты да кірістірді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

photo_190272

“Қазіргі таңда бақылау камерасымен жабдықталған авиациялық техника бірлігінің әуеге көтерілуіне дайындық жүргізіліп жатыр. Тікұшақ Алматы облысы аумағымен ұшып өтеді. Осы арқылы Есентай өзені су қоймасына іргелес жағалауларды қарап шығуға мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ, әуедегі бақылау кезіндегі жағдаяттардың барлығы арнайы камераға жазылып алынады”, – деп хабарлады Алматы ІІД ұылмыстық полиция басқармасы басшысы Жанболат Зиадин.

Сонымен қатар, жігітті іздеуге атты жасақ та араластырылмақ.

“Қазіргі кезде іздеу шараларына қатыстырылатын аттар саны бесеу. Атты жасақ тексерісін учаскелік полиция инспекторлары мен жедел қызметкерлер атқарады. Олар баруға қиын таулы жерлерді тексереді. Сонымен қатар, сүңгуірлер де осы шараға қатыстырылады”, – деді Жанболат Зиадин.

Бұған дейін Алматыда республикалық жедел-құтқару отраядының Сафар Шәкеевті іздеу жұмыстарын жалғастырып жатқаны хабарланған еді.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған.

Егер оны көргендер болса, онда мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (747) 626-48-54, 8 (775) 478-87-71. Сонымен қатар 16 шілде күні таңғы 6-дан 9-ға дейін Әл-Фараби даңғылы Есентай өзені қасынан өткен көліктердің бейнетіркегішіндегі жазбалар да қажет.

Талқылау