Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен ресейлік әйел бір ай орманда өмір сүрген

Ресейдегі Челябі облысында орманда адасып кеткен 29 жастағы әйел сол жерде бір айға жуық уақыт аялдап қалуға мәжбүр болған.

ффф

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Әйел өзінің таныстарымен бірге орман жаққа саяхаттап қарай кетіп қалған. Келесі күні таңертең ол өз бетімен ну орманды араламақшы болып шығып кетіп, бірақ жолдан адасып қалады. Орманды кезіп жүріп ол жылы киімдер мен азық-түлігі бар аңшылар үйшігіне тап болады.

Ол барымен базар болып тамақ жеп, күн сайын жидек теріп күн көрген. Алайда бірнеше күн өткен соң ол орманнан шығыр кетуге талпынып көреді. Бірақ, әрекетінен түк шықпай сол орынға қайта оралған. Сосын өзін ешкім іздеп таппайынша сонда қалуды жөн деп шешіпті.

Бір айдан соң оның орманнан шығып кетуге жасаған әрекеті сәтті аяқталады. Оны жолда жидек теріп жүрген көліктегі ерлі-зайыптылар байқап қалады. Олар адасқан әйелдің орманнан шығуына көмектесіп, полицияға қоңырау шалған. Оны үйінде ата-анасы мен екі жасар қызы қарсы алған.

Оның қазір аяқтары ауырып, салмағы 10 келіге арып кеткен.

Талқылау