Жоғалып кеткен өскемендік студент Қарағандыдан табылды

Сейсенбі, 31 Мамыр , 2016 18:56

Ақжол Серікті полицейлер екі айға жуық уақыт іздеген. 26 мамыр күні студентті тәртіп сақшылары Қарағандыға жақын маңдағы  ауылдан тауып алған, -деп жазады yk-news.kz  сайты.

студенттттт

Есте болса, 23 жастағы студент қолындағы үлкен сомадағы ақшамен  14 сәуірден бастап хабарсыз кеткен еді. 13 сәуір күні ол өзінің бастығына 180 мың теңге алып барып беру керек болған. Сол күні түннен бастап студенттің телефоны сөндірілген. Осы кезден бастап еріктілер тобы Ақжолды іздеп, студенттің суреті жапсырылған хабарландыруларды қала көшелерінде таратқан еді.

Шығыс Қазақстандағы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері  жігітті іздестіру жұмыстары  Қазақстанның барлық қаласында жүргізілгенін айтқан. Полицейлер соңғы рет Ақжолды  көшедегі бейне бақылау камерасы арқылы Семейде екенін байқаған. Студент ол кезде автовокзалда жүрген.

«Полиция қызметкерлері іздеуде жүрген студенттің басқа өңірге кетіп қалғанын болжаған. Ол болжам шындығында рас болып шықты. Осындай болжам болғаннан бастап өзге облыстардағы әріптестеріміз Ақжолды іздеуге қосылды. Енді студент аман-сау күйінде ата-анасына тапсырылды»,-дейді  облыстық ІІД баспасөз хатшысы  Бақытжан Торғаев.

Студенттің ата-анасы мен туыстары болған жайт бойынша қандай да бір пікір білдіруден түбегейлі бас тартқан.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар