Жоғалып кеткен Ерасылдың достары, оны ұрлап әкетті деп ойлайды

Сейсенбі, 9 Ақпан , 2016 9:56

Астана қаласында жоғалып кеткен Ерасылдың достары, оны біреулер ұрлап әкетті деген пікірде. Олар мұндай пікірге экстрасенстерге барғаннан кейін келген. Көріпкелдер Астанадағы медициналық университеттің 6 курс студенті тірі деген ақпар айтқан.

655Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қазір іздестіру жұмыстарына 1000-ға тарта адам қосылған. Ерасылды іздеуге кіріскен адамдар тек ғана медициналық университет студенттері емес. Арасында еріктілер, басқа да оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары да бар. Қазірге дейін адамдар қаланың 80 пайызын кезіп шыққан. Еріктілер тіпті қала аумағынан шығып, ауылдық жерлерге дейін барған.

«Бізге басқа қалалардан да хабарласып жатыр. Олар да іздеу жазылған парақшаларды іліп жатыр екен. Ерасылды іздеуге демек тек Астана ғана емес, бүкіл Қазақстан атсалысып жатыр. Олардың бізді қолдағаны үшін алғыс білдіреміз дейді», – Ания Күдеринова есімді ерікті.

Ерасыл Әубәкіров 3 ақпан күні кешкілік үйден шығып кетіп, байланыстан ажыраған. Келесі күні ол маңызды емтиханға да келмеген. Осыдан соң іздеу басталады. Оның жоғалғанына бес тәулік болғанына қарамастан, жақындары мен достары үміттерін үзбей отыр.

«Біз шарамыз таусылып көріпкелдерге барғанда, олар оны біреулердің ұрлап әкетіп ұстап отырғанын айтты. Біз оны қалайда табамыз деп ойлаймын», – дейді Ерасылдың досы Әнуар Мұсағазин.

Алайда, ұрлап әкетуге қатысты құқық қорғау органдары нақты мәлімдеме жасамады. Қазір іздеу шараларына кинологиялық топтар да қосылды. Осыған дейін Астанадағы медициналық университеттің 6 курс студенті Ерасыл Әубәкіровтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Айка says:

    Азербайджан экстасенси Каз.телешоуда журген Жамбыл облысындагы бир кылмысты ашуга комектескен. Телефонмен хабарласкан кезде-ак кылмыстын буге-шигесине дейiн айтып Берди, сосын колы бос емес екенин айтып келе алмайтын айтып бас тартса да, артынша ози хабарласып бир кунге кешиксе изин таппайтын калатынын айтып келу7е келисти. Урланган заттын Кай жерде уйiне дейiн корсетти, кылмысты Ким жасаганын 20 адамнын ишинен суреттен тауып берди. Сол экстрасенске хабарласып кориниздерши телефонмен болса да. Аты есимде жок, Имран Болу керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар