Жоғалып кеткен әйелдердің мүрдесін тапқан итке қомақты ақша берілді

Аргентинада неміс овчаркасына жоғалып кеткен израильдік туристердің денесін тапқаны үшін мың доллардан аса ақша берілді. Ақша кинологиялық клубтың дамуына жұмсалады.

Жоғалып кеткен әйелдердің мүрдесін тапқан итке қомақты ақша берілді

Бұл туралы The Times of Israel басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

54 жастағы микробиология профессоры Лилия Перег пен оның 63 жастағы әпкесі Пирия Сарусидің туыстары 12 қаңтардан бері олардан хабар ала алмаған. Полиция оларды іздеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Алайда әйелдердің мүрдесін Рука атты неміс овчаркасы тапты.

Туристердің денесі Саруси Джил Перегтің ұлының үйіндегі құрылыс қоқысының астында көміліп жатқан жерінен табылды.

8 ақпанда кинологиялық клубтағы Рука мен оны жаттықтырушы-кинолог Эйлин Кастроға сыйақы ретінде 1,3 мың доллар (480 мың теңгеден аса) берілді. Сонымен қатар Кастроға қосымша сыйақы табысталды. Қайтыс болған әйелдердің туыстары осындай шешім қабылдапты.

Джил Перег анасы мен туысын өлтірді деп күдіктеліп, тұтқындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар