Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалған спортшы қызбен бірге болған жігіт құздан құлап көз жұмды

Алматыда жоғалған спортшы қызбен бірге болған жас жігіт құздан құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Bezymyannyy-47

«Жас жігіттің мүрдесі табылды. Мүрдеде күштеп өлтірудің белгілері білінбейді. Фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, оның күдікті ретінде іздеуде болғаны анықталды. Ол өзінің туысқандарының бірін пышақтап, ірі сомадағы ақшасын алып кеткен», – дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бірнеше күн бұрын жоғалған Анастасия Смирнованың Медеу шатқалынан Назар есімді жігітпен табылған болатын. Алайда олар Ислам Угушев есімді еріктілерден тауға қашамын деп құзға секіріп кеткен. Ислам Угушев әлеуметтік желісінде Ислам Угушев Назардың шатқалдан құлап, мерт болғанын хабарлады.

«Бойжеткеннің тізе тұсының жұмсақ тіндері, көкірек қуысы зақымдалған. Аурухананың қабылдау бөлімшесінде қажетті мамандар көмек көрсетті. Тексеру жүргізілді. Денсаулығына қауіп туып тұрған жоқ», – деген болатын қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында ірі есірткі плантациясы табылды

Египетте жоғалған студенттің әкесі оларды “әскери адамдардың алып кеткенін” хабарлады

Таразда салмағы 6 келі 265гр сәби дүниеге келді

Талқылау