Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалған өскемендік екі күннен кейін үйіне өзі келген

7 наурыз күні нан алу үшін дүкенге шыққан Олег Федоров жоғалып кетіп, 9 наурыз күні кешкілік үйіне оралды. Ер адамның айтуынша, отбасылық проблемалар кесірінен осындай қадамға барған.

nmOBVZAt3XM_0_2

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, Олегтің азаматтық некедегі әйелі Анастасия күйеуінің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялаған болатын. Ол желі қолданушыларынан күйеуін табуға атсалысуды өтінген. Ол күйеуі жоғалар алдында жақсы көңіл-күйде болғандарын, ұрыспағанын айтыпты.

9 наурыз күні Олег үйге оралған. Өзінде бәрі дұрыс деген Олег, осы уақыттар ішінде “достарымен қыдырыстағанын” айтыпты.

“Кішкене отбасылық дау туындаған, бірақ біз татуласып үлгердік. Қала тұрғындарын дүрліктіргенім үшін кешірім сұраймын. Енді бұлайша жоғалып кетпеймін. Мен әйелімнің мерекесіне өз-өзімді сыйладым”, – дейді Олег.

Талқылау