Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалған қалалар мен жұмбақ арал: Қызылордаға барудың бес себебі

Қызылорда облысы Қазақстанның ең ауқымды аймақтарының бірі. Ол Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында жəне Тұран ойпатында орналасқан. Сырдария ғасырлар бойы ондаған қалаға тіршілік сыйлап, Арал теңізі өңірін інжу-маржандарымен қоректендіруде. Бұл аймақтағы жоғалған қалалар мен жұмбақ арал туралы көбісінің біле білмейтіні белгілі.

Жоғалған қалалар мен жұмбақ арал: Қызылордаға барудың бес себебі

Осы орайда МИР 24 арнасының тілшілері Қызылордаға барудың бес себебін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жоғалған қалалар

Қызылорда облысы көптеген ежелгі қалалары мен елді мекендермен мақтана алатын Қазақстанның жалғыз аймағы. Сырдарияның көптеген ағындары ғасырлар бойы осы аумақты жемісті етіп, көріктендіріп келеді.  Ал, өңірдегі жоғалған қалалардың көшелерімен серуендеу – осында келудің бір себебі болмақ.

Сығанақ қаласы өз уақытында осы аймақтың сауда және саясат орталығы болды. Ол Ақ Орда  хандарының ордасы, сондай-ақ XV-XVI ғасырларда екі рет қазақ хандығының астанасы болған. Сондықтан да, сол уақытта Сығанақ Қытайдан Таяу Шығысқа, Орталық Азияға тасымалданатын тауарлардың негізгі ағымын бақылаған.

Археологтар бұл жерден мешіт-медреселер мен монша және металл бұйымдарды, керамиканың бай жиынтығын тапты. Бірақ артефакттардың көп бөлігі қираған қалалар, яғни туристер ежелгі қаланың орнын өз көзімен тамашалай алады.

 

“Орта Азия мен Шығыс халқы Сығанаққа келуге тырысатын. Сол кезде оның базары ең үлкен деп есептелді. Тіпті, қала халқы  бір күннің ішінде 200-ге жуық түйе жейді деген мәтел бар. Себебі, ол жаққа халық көп келетін”,-дейді ҚР Ұлттық музейінің «Халық Қазынасы» институтының аға ғылыми қызметкері Рүстем Дәрменов.

Қызылорда облысындағы тағы бір ежелгі қалалардың бірі – Сауран. Ол Сығанақ сияқты үлкен болмағанымен, бірақ жақсы сақталған. Бүгінде мұнда қалпына келтірушілердің арқасында ашық аспан астындағы мұражайды тамашалауға болады. Сауран туралы алғашқы деректер X ғасырдан бастап атала бастады. Ал, XIV ғасырда қала Жошы хан негізін қалаған дала мемлекетінің, яғни Ақ Орданың астанасы болды. Ғалымдардың айтуынша, ол кезде мұнда 15 мың адам өмір сүрген.

Сауран қаласында бекініс қабырғаларының бір бөлігі әлі күнге дейін сақталған. Сондай-ақ, негізгі қақпалар, мешіттің элементтері, медресе, тұрғын үйлер және қала алаңы да қалпына келтірілді. Сонымен қатар, ежелгі сумен жабдықтау жүйесі де жөнделді. Айта кететін бір жайт, Саурандағы бұл су құбырларын салу үшін 200-ге жуық үндістандық құлдар жұмыс істеген.

Петроглифтер аңғары

Бұл аймақтың тағы бір тарихи құнды орындардың бірі. Ғалымдар Сауысқандық шатқалынан елдегі ең бай жазбалардың бірін, ежелгі суреттерді тапты. Онда мыңға жуық суреттер бар, ең көне жазбаның өзіне бес мың жылдан астам уақыт болған.

Жоғалған қалалар мен жұмбақ арал: Қызылордаға барудың бес себебі

Қорқыт-ата еске алу кешені

Қазақтар мен түркімендер және азербайжандықтар, сондай-ақ басқа да түркі халықтары үшін Қорқыт ата – ең құрметті ата-бабалардың бірі. Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш айлағының маңында аты аңызға айналған данамызға арналып мемориалды кешен тұрғызылды.

Жоғалған қалалар мен жұмбақ арал: Қызылордаға барудың бес себебі

Қорқыт туралы аңыздар көптеген түркі халықтарының ауыз әдибиетінде кездеседі. Қорқыт – ең танымал музыкалық түркі аспаптарының бірі болып табылатын қасиетті қобыздың жасаушысы. Халық арасында Қорқыт қобызды ойлап тауып өлімнің өзін адастырды деген аңызды жиі айтылып жүреді.  Музыкалық аспаптың дыбысы өлім періштесі Әзірейлдің өзін таң қалдырып, жүрегіне енген. Оның үніне тамсанған жан алушы періште дана қартқа жақындай алмаған көрінеді.

Арал теңізі

Арал теңізінің бұрынғы түбімен, оның бетінде жүзген кемелердің жанында жүру – Қызылорда облысына барудың тағы бір себебі. Жарты ғасыр бұрын бұл жерде судың биіктігі 20 метрге жеткен болатын. Қазір бұл өңір тұзды шөл.

Жоғалған қалалар мен жұмбақ арал: Қызылордаға барудың бес себебі

Арал теңізі бір кездері Қазақстан мен Өзбекстанның ондаған елдімекенін сумен және балықпен асыраған үлкен тоған болды. Өткен ғасырдың ортасынан бастап Арал біртіндеп тартыла бастады. Себебі, Сырдария мен Амудария өзендеріне құйылатын су ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына пайдалануға берілді. Өз уақытында жағалаудың түбінен бой көтерген қалалар мен ауылдар бүгінгі күні судан бірнеше шақырым қашықтықта тұр. 1989 жылы су қоймасы кіші және үлкен Аралға бөлінді. Ал, 2000 жылдардың басында Арал теңізінің су көлемі 10 есеге азайды.

Барсакелмес жұмбақ-аралы

Бұл арал бірнеше рет кинематографистер мен жазушылардың және уфологтардың назарына ілінген жұмбақ жер. Аралға барған адамдар із-түссіз жоғалып кеткен, тіпті онда уақыт әдеттегіден тез жылжиды деген көптеген оқиғалар айтылып жүр.

Барсакелмес сөзінің аудармасына көз жүгіртетін болсақ, ол «барсаң, қайтып келмейсің» дегенді білдіреді. Арал Кеңес Одағы кезінде ең «жабық» қорық деп аталды. Қатаң режимге байланысты бұл жерге бару мүмкін болмайтын. Оның үстіне Барсакелместен 60 шақырымдай жерде орналасқан Возраждение аралында кеңес үкіметі биологиялық қару жасайтын құпия зертхана ашқан екен.

Жоғалған қалалар мен жұмбақ арал: Қызылордаға барудың бес себебі

Барсакелмес аралы туралы ең алғашқы жазба 19 ғасырда атақты орыс саяхатшысы Н.Рерихтің «Азияның жүрегі» шығармасында кездеседі. Оның айтуынша, аралдың атауына мұнда келген бірнеше қазақ отбасыларының кері қайтпай жоғалуы себеп болғанға ұқсайды. Дегенмен, аралға барған адамдардың із-түзсіз жоғалу оқиғалары кейін де біраз қайталанған. 1949 жылдың күзінде балықшылардың қайығы аралдың жағалауына келіп тоқтайды. Балықшылар аралға барып аздап тынығып алмақ болады. Олар жағалауға жақын жерден әппақ тұманды көреді. Батылдау екі балықшы әлгі тұманға кіріп көрмек болады. Тұманға кірген екеу басқалардың көз алдында ізім-қайым жоғалған.

Алайда, біреулер бұл әңгімелерді фантастикалық деп, ал басқалары бұрынғы арал орналасқан геоактивті аймақтың әсері ретінде қарастырады. Шындықты білудің ең жақсы жолы Барсакелмесге келіп, оны жеке тексеріп көру керек.

 

Талқылау