Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жітіқара қаласы көшесінде жабайы түлкі табылған

Жабайы аңды қала тұрғындары көрген, кейбіреулер түлкінің үнін естіпті. Жітіқара тұрғыны бірнеше күннен бері қалада қаңғырып жүрген түлкіні суретке түсіріп алыпты.

Бұл туралы “Алау” басылымы жазды.

Қала тұрғындарының сөзіне сүйенсек, түлкі қала ішінде қаңғырып жүрген, бір жолы қала орталығындағы алаңда отырыпты. “Өз бетімен жүгіріп жүр, адамдарға жоламайды. Сонда да тұрғындар қорқады: қауып алуы мүмкін ғой, бәлкім, құтырған түлкі шығар. Оның шәуілдеген үнін естігендер бар”, — дейді Жітіқара тұрғыны.

Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы жабайы аңның қалаға қалай тап болғанын анықтайды.


Жіберіп алмаңыз:

Рак дертін жеңген қазақ қызы АҚШ-та өз кәсібін ашқан

Миллионнан астам адам жүктеген WhatsApp қосымшасы жалған болып шықты

Қазақстандықтар отандық танымал дүкеннің жұртты қалай алдап келгенін анықтады (видео)

Қазақстан саперлері полигондарды жарылмаған оқ-дәріден тазалауға кірісті

Талқылау