Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жириновский Иран мен Түркияны қатыстырып жаңа КСРО құруды ұсынды

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Иран мен Түркияны қатыстыра отырып, жаңа КСРО құруды ұсынды. Бұл туралы ол Твиттердегі жазбасында айтыпты.

54dca224764ee_pereim

Фото: joinfo.ua

“Еркін социалистік республикалар одағы деп аталатын жаңа ұйым құруды ұсынар едім. Бұған Иран, Түркия басқа да республикаларды шақыруға болады”, – либерал-демократтардың көшбасшысы.

16 шілде күні ол Түркиядағы әскери төңкерісті ұйымдастырмақ болғандардың сәтсіздікке ұшырауына қарамастан, болашақта әскерилер бәрібір ел билігін қолдарына алады деп мәлімдеген болатын. Түркиядағы қақтығыс нәтижесі 232 адамның өліміне әкеліп соқтырды.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) – 1922-1991 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Ресейлік коммунистік партия (большевиктер) күшімен құрылған елдің аумағы негізінен бұрынғы Ресей империясына тиесілі болды. Ол кезде өзге одақтас республикалар да сол империяның құрамдас бөліктері болып саналатын.

Талқылау