Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жылқыларды таяқпен ұрды: Алматы орталығында жалға берілген аттардың иесі жауапқа тартылды

Алматыда жалға берілген жылқылардың иесіне айыппұл салынды. Екі ер адам қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

jylqyny_urdy

"Полиция қызметкерлері Түркістан облысының екі тұрғынын ұстады, екеуі де жылқылардың иесі. Айыппұл салынған ер адамның біріне 30 мамыр күні осы бап бойынша айып тағылған болатын", - Алматы полиция бөлімінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін қала тұрғыны Марика Липартелиани желіде иесінен озбырлық көрген жылқылардың жайын жазған еді. 

jylqyny_urdy

"Жалға берілетін жылқылардың аузынан суы ағып тұр. Иелерінен не себепті аяушылық танытпайтынын сұрадық. Олардың жанында 30 шақты жігіт тұрды. Аттардың иелері де күліп тұр. Біздің уайымдағанымызды көріп, жануарларды одан әрі таяқпен ұра бастады. Жылқыларды дөңгелек ішінде жүгіруге мәжбүрледі. Ең сорақысы, ондаған жігіт тұрып оларға тосқауыл болған жоқ", - дейді бойжеткен. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр