Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жылына бір адамнан көшірдім: Роза Рымбаева бауырларын Алматыға қалай алып келгенін айтты

Роза Рымбаева өзінің де, марқұм күйеуінің де отбасына тірек бола білген қайсар жан. Халық артисі кезінде ауылда қалған барлық аға-әпкелерін Алматыға көшіріп әкелген. Ондағы мақсаты - кішкентай жиендерінің болашағын жарқын ету. Сондай-ақ, Роза Қуанышқызы марқұм күйеуінің де туыстарына қамқор болған. 

Жылына бір адамнан көшірдім: Роза Рымбаева бауырларын Алматыға қалай алып келгенін айтты

Бұл туралы Ұлттық арнаның "Дара жол" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

"Менің кезімде Кеңес Одағы құлады, елдің бәрі қиыншылық көрді. Сол кезде менің де ауылдағы туыстарымның бәрі өз жұмыстарын істеді. Мысалы, менің апайымның күйеуі, Аман жездеміз бастық болған. Совхоз ыдырағаннан кейін ол кісілер жерге отырып қалды. Бәрі сондай қиыншылық көріп жатқан кезде бәріміз бір жерде болайық деп ойладым. Жағдайым болған кезде, бәрін біртіндеп көшіріп әкелдім", - дейді Роза Қуанышқызы.

Айтуынша, ол кезде пәтердің бағасы әлдеқайда қолжетімді болған. Әнші қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, отбасы мүшелерін түгел баспанамен қамтамасыз еткен. 

"Қазір пәтердің бағасы 100 мыңнан асып кетсе, ол кезде 10 мыңға бір пәтер келетін. Соған мен пәтер сатып ала бердім де, жылына бір адамды көшіре бердім. Ол керемет асқан үйлер емес, қарапайым пәтерлер. Ондағы мақсат ағаларым, бауырларымды қойшы, жасы келген адамдар ғой, кішкентай бауырларым, жиендерім қалада мектепте оқысын, жақсы мамандық алсын деген мақсатпен көшірдім. Әйтпесе менің бауырым ауылда мұғалім болған, солай жүре берер еді", - дейді Роза Қуанышқызы. 

Әншінің айтуынша, бір кездері ол болашағын ойлаған жиен іні-сіңлілері бүгінде үйлі-баранды. Ал бауырларын аяққа тұрғызуға көзі тірі кезінде оған күйеуі көмектескен көрінеді. 

"Тасқын екеуміз бірге шешкенбіз. Бірақ Тасқын өмірден өткен соң, менің мойныма екі есе жауапкершілік жүктелді. Себебі мен Тасқынның бауырларына да көмектестім. Өзімнің бауырларыма да көмектестім. Сонымен қатар, шығармашылығымды да әрі қарай алып жүруім керек болды. Оның үстіне, қолда екі кішкентай бала. Бір жақсысы, екеуі де музыкант болып, өзіміздің адамымыз болып өсіп шықты", - дейді Роза Қуанышқызы. 

Есесіне Халық артисі гастрөлге кеткен кезде, екі баланы бауырларына алаңсыз тастап кете барғанын айтады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр