Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жылағым келіп тұр": Қайрат Нұртастың анасының жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Гүлзира Айдарбекованың анасын еске алып, көңілі босап  жазған жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер анасының 40 күндігін өткізіп келгеннен кейін өмірдегі ең бағалы жанның аяулы алақанын сағынып, көңілін мұң басты. Анасына ішіндегі шерін тарқатқысы келген ол әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырып, суреттерін жүктеген.

«Тірі адам тіршілігін жасары анық. 40 күндігін өткізіп, үйіме барып келген соң ба, ішімдегі шерім тарқар емес. Отбасыңды, бауырларыңды ойлап тағат таппайсың, ал сені ойлайтын жалғыз адам - тек анашың», - деп өміріндегі ең қымбат жанды сағынышпен еске алды Гүлзира Айдарбекова.

Өнер иесінің бұл жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тірі адам тіршілігін жасары анық. 40 күндігін өткізіп үйіме барып келген соң ба, ішімдегі шерім тарқар емес. Отбасыңды, бауырларыңды ойлап тағат таппайсын, ал сені ойлайтын жалғыз адам,тек анашың ғана.😔 Қалайсыз мама... Сіз жақта бəрі жақсы ма.. Қыс жетіп, аппақ ақ ұлпа қар басты ма?! Періште сынды мейірбан едің тірлікте, Қуанып жұмақ... Қақпасын сізге ашты ма..?! Қалайсыз мама... Мінезге бай ең сымбатты... Ажалдың оғы жалмады ма, тым қатты..? Жұмада жерге жамбасың тиген еді ғой Сұраусыз кіріп... Араладың ба гүл бақты? Ата-анаңа, жарыңа сүйген кезігіп Пейішке кіріп... Жайлылық жанға енді ме, Гул теріп əкем,күлімдеп таяу келді ме?! Анаңыз өрген, жотаңда жатқан бұрымға, Жұмақтың гүлін ақырын тағып берді ме?! Білем ғой мама... Алаңдап жүрсің қарайлап, Өзіңмен бірге алыстап кеткен талай бақ. Жаулығың желмен желбіреп өзің жүрмесең, Сұрықсыз суық көрінеді екен...сарай жақ! Сағыныш деген... Қажытты мама, тек мені... Бақшаңа биыл ешкім де жеміс екпеді Сақырлап қайнап тұрса да сары самаурын, Қолыңнан ішкен күрең шайыңа жетпеді... Өзіңсіз мынау... Шарпығандай ма ғаламды от, Жүрердей көргем, Қасымда дəйім, аман боп. Шөңгеге емес, шеңгелге құлап жатсам да "Құлыншағым"деп, ұмтылып келер ешкім жоқ! Солай ғой мама... Үйіңнің кетті күйі шын, Өзіңді іздеп шарқ ұрам кейде үй ішін. Орамалыңды құшақтап жатып ұйқтаймын, Жұмақтан жетіп жатқандай ғажап иісің. Сағыныш, аңсау... Санамда сансыз арбасты, Күндерге-айлар, айларға- жылдар жалғасты. Ізіңді іздеп, бақшаны кезіп жүруші ем, Əттең- ай əттең... Оны да мынау қар басты..! Есімің есте Сағыныш қанша жырда жүр, Қарайлап тұрсаң, Қам көңілімді тыңда бір. Омырауыңа басымды қойып соңғы рет, Шерімді айтып... Жылағым келіп тұр қазір..! Осылай мама... Өткізген сізсіз жəйіміз, Қалпыма түсем... Қайрылмай маған қайтыңыз. Жұмақта жүрсең, жердегі мен де мəзбін ғой, Айтпақшы мама... Əкеме сəлем айтыңыз!!!

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

«Арты қайырлы болсын. Өлеңнің сөздері жүрекке жетіп, еріксіз көзге жас ұялайды», «Жазып жатқан жырларыңыз анаңызға арнап, жоқтауыңыз еріксіз көзіме жас алдырды. Ананың орны ешқашан толмайды, жаны жәннатта болсын, орны пейіштің төрі болсын», « Мұнаймаңыз, немерелеріңізді иіскеп, солардың қызықтарын көріп қуанып жүріңіз», - десті жұрт.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр