Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әр балаға 21 миллионнан берілсін": Жанатбек Бәйтеков мемлекеттен қомақты жәрдемақы талап етті

Алты баланың әкесі Жанатбек Бәйтековті жәрдемақы мәселесі толғандырып жүр, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Ревью» бағдарламасына сілтеме жасап.

Жанатбек

Бүгінде үбірлі-шүбірлі болған актер ұл-қыздарына мемлекеттен қомақты қаржы талап етуде.

«Жиырма бір мың емес, әр балаға екі жүз он мың, жиырма бір миллион берсе де жарасады», - дейді Жанатбек Бәйтеков.

Жанатбектің жанұясында үш бұрымдысы мен ізін жалғар мұрагерлері өсіп келеді. Алты баланың әкесін толғандырған тақырыптан өзге өнерпаздар қаншалықты хабардар. 

Қазіргі таңда Қыдырәлі мен Қарақат та төрт ұл мен бір ханшайымды тәрбиелеуде. Бір қызығы жұлдызды жұп мемлекеттік жәрдемақыға зәру болмай шықты.

«Жәрдемақы алдым дегенін естімеппін, шынымды айтсам. Алып та жатқан шығар, мен ол жағына араласпаймын, онысын білмеймін. Біз кәсіптеміз. Өз нанымызды өзіміз тауып, ақ адал еңбегімізбен, ар-абыройымызды таза ұстауға барымызды салып жүрміз», - дейді Қыдырәлі Болманов.

Танымал актер Нұржан Төлендиев те көп балалы әкелердің қатарында. Әзілкеш пен жұбайы алты перзентке өмір сыйлаған. Бірақ үйден гөрі түзден табылатын отағасы ай сайын төленетін ақшаға бас қатырмайтын көрінеді.

«Енді алатын шығар үйде жеңгең біледі оны. Мен, шынымды айтайын, ол жағын білмейді екенмін. Бізде үйде туатын тауығымыз жоқ, жұмыртқасын есептейтін. Оны көппен көреміз, халық не шешеді, патшамыз не дейді», - дейді Нұржан Төлендиев.

Қазақ өнерінде көп балалы отбасылар баршылық. Ел демографиясының өсуіне үлесін қосқан танымалдар тізімінде үш қыз бен қос ұлдың әкесі Тұрсынбек Қабатов, әнші бес баланы дүниеге әкелген Динара Сұлтан сынды аналар да бар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр