Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жігіттердегі” Ердос Қанаев орталық мешітте азан шақырды (видео)

Алматы қаласының орталық мешітінде ауызашар уақытында әнші Ердос Қанаев азан шақырды.

image

Фото: instagram.com/erdoskanaev/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

“Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов әріптесі Ердос Қанаевтың азан шақырып тұрған сәті түсірілген видеомен бөлісті.

“Алматы қаласының орталық мешітінде, Ауызашар кезінде – Ердостың азан шақырған сәтінен көрініс! Ниет қабыл болсын, ағайын”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Аталған видеоны бір күн ішінде 27 мыңнан астам адам көріп, әншіге ұзақ ғұмыр тілеген. Мұнымен қатар, оның сегіз қырлы бір сырлы азамат екенін тілге тиек еткендер көп.


Жіберіп алмаңыздар:

“Жігіттер” тобындағы Айдар “әйелдің ұрысқақтығын басатын” шай шығарып жатыр

Қайрат Нұртас намазға жығылды (фото)

Қазақ эстрадасында намазға жығылғандар кімдер

Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақ

Талқылау