Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жігіттердегі” Бағлан Ердостың той кезіндегі қызықты оқиғасын айтып берді

“Жігіттер” тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов Ердос Қанаевтың қызықты естелігімен бөлісті. Айтуынша, Ердос той үстінде ұйықтап қалған.

"Жігіттердегі" Бағлан Ердостың той кезіндегі қызықты оқиғасын айтып берді

“Еркін мен Ердос бала кезде тойға шықпақ болған ғой. Ол кезде тойлар далада палаткада өтетін. Ердос даладағы Камаздың ішіне кіріп алып ұйықтап кеткен. Оны Еркін іздеп әуреге түседі.  Той біткен соң Камаз жүргізушісі көлікте Ердосты көріп зәресі қалмай шошыпты. Еркін де оны көліктен тапқан. Бұл кезде Ердос ұйқысын қандырып үлгерсе керек”, – деп жазды әнші желіде.

Желі қолданушылар әншінің қылығына сүйсінді. Ердосты жақсы көретіндерін айтып, пікір қалдырып жатты.

“Ердос ағаға ешкім жетпейді. Ердос жүрегі кең, қарапайым әнші”, “Қызықты естелік екен, Ердосты бәріміз жақсы көреміз”, – деп жазды желідегілер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау