Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігіттер, ұялсаңдаршы": Қайрат Нұртас "Кредит" әнін сынап тастады (видео)

Қайрат Нұртас "Бақай" мен "Азия" топтарының "Атың өшкір кредит" әнін сынап тастады, деп хабалайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі Қайрат Нұртастың қатарластарын сынға алған бейнежазбасы тараған. Несиені жыр қылған "Азия" мен "Бақай" тобының әндері Қайрат Нұртасқа ұнамай қалған сыңайлы, ол сахнадағы әріптестерін дос, дұшпан деп қарамай сынап тастаған.

"Несие алмай-ақ жүрміз ғой демалып. "Кредит" деген не ән, жігіттер?Ұялсаңдаршы кішкене! Ринат досым бол, басқа бол, бірақ, мақтауға да лайықты ән шығарсаңдаршы. Айтпай-ақ қояйын деп ойлағанмын", - дейді Қайрат Нұртас.

Бұл бейнежазбаны көрген желідегі жұрт Қайрат Нұртасты жақтап шыға келді.

"Дұрыс айтасың. Ән жазу да өнер", "Өмірде болып жатқан жағымды құбылыстарды көбірек айтқан жөн болар", "Әншілер қуып кетті Кәмшат сияқты", - десті олар.

Талқылау