Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жігіттер» квартетінің продюсері Алматының төрінде 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (видео)

«Жігіттер» квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов күні кеше 50 жасқа толып, мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Продюсердің атаулы күнінде қазақ эстрадасының қаймақтары түгелдей бас қосты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Жігіттер» квартетінің продюсері Алматының төрінде 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (видео)

Белгілі продюсердің «Ерғали  5:0» тойы Алматының төрінде өтті.

Той қонақтарының қатарында қазақ өнерінің майталмандары Алтынбек Қоразбаев, Досхан Жолжақсынов, Талғат Теменов те болды.

 

Қазақ өнерінің майталмандары.

Публикация от АЙДАР ТҰРҒАНБЕК (@aidar_turganbek)

Одан бөлек Мұрат Омаров, Мейрамбек Бесбаев,  Тамара Асар, Ақбота Керімбекова, Абай Бегей, Мұқасан Шахзадаев, Айгүл Иманбаева, Жанар Айжанова, «Жігіттер» квартеті мен ақын Құрманай Бақтиярқызы продюсердің қуанышына ортақтасты.

 

50 жас.

Публикация от АЙДАР ТҰРҒАНБЕК (@aidar_turganbek)

Өз кезегінде эстрада жұлдыздарды желідегі парақшасында тойда түсірілген суреттері және видеоларымен жарыса бөлісіп жатты.

 

 

Ал желі қолданушылары Ерғали Әбдірайымовты құттықтап, ақжарма тілектерін жаудыруда.

 

 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау