Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар есімі жайлы қызықты дерекпен бөлісті

«Жігіттер» квартетінің солисі Айдар Тұрғанбекұлының азан шақырып қойған аты Ерсінбек екен. Бұл туралы Айдардың анасы Анар Мараханова Астана арнасының «Аналар» бағдарламасында айтты.

IMG_2900-1024x682

Бұл туралы  baistars.kz басылымы хабарлайды.

Айдардың әкесі Тұрғанбек баласы туылғанда артымнан еріп жүретін ізбасарым болсын деп ұлына Ерсінбек деп ат қойған. Бірақ анасы перзентханадан келген соң, үлкен кісілер баланың шашы тек ортасынан өскенін байқап, Айдарбек қойғандарың дұрыс деп айтады. Осылайша туыстары баланы бейресми Айдарбек деп атап кетеді. Ал құжатқа әкесі қойған Ерсінбек деген атты жаздыртады.

Уақыт өте келе Айдарды ешкім құжаттағы есімімен атамайды. Тіпті сыныптастары да оны шын атымен атамаған көрінеді. Жақында Айдар төлқұжатын түгел ауыстырып, аты-жөнін Айдар Тұрғынбекұлы деп алыпты.

 

Талқылау