Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігітіне ұнау үшін 30 рет пластикалық ота жасатқан бойжеткен өкініп қалды

Гонконгтың 22 жастағы тұрғыны Берри жігіті үшін 30 рет пластикалық ота жасатқан. Ол алғаш рет 17 жасында ота жасатқанын мойындайды. Осылайша, бойжеткен батыстың модельдеріне ұқсағысы келген. Ендігі ол өз әрекеті үшін өкініп отыр.

Жігітіне ұнау үшін 30 рет пластикалық ота жасатқан бойжеткен өкініп қалды

Бұл туралы Oddity Central басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Берридің айтуынша, оның пластикалық отаға деген құштарлығы студенттерге акция арқылы ота жасатуды ұсынған сұлулық салонын көргеннен кейін пайда болған. Онда инъекция жасату үшін барған қыз нәтижесіне риза болып, пластикалық отаға тәуелді болып қалады. Үш жылдан кейін ол өзінен 9 жас үлкен ер адамды кездестіріп, көңіл жарастырады.

Жігітіне ұнау үшін 30 рет пластикалық ота жасатқан бойжеткен өкініп қалды

Алайда Берридің жігіті оның сырт келбетіне қатысты кемсіту сөздерін айтып, өзге әйелдермен жиі салыстырған. Бойжеткеннің сөзінше, ол 6 айдың ішінде блефаропластика, ринопластика жасатып, ерні, беті, иегі мен маңдайына инъекция салдырған.

«Егер ол маған бір рет болсын сұлу екенімді айтса, мен тоқтар едім», – дейді Берри.

Жігітіне ұнау үшін 30 рет пластикалық ота жасатқан бойжеткен өкініп қалды

Соңында жігіті Берридің кеудесінің кішкентай екенін айтып, ота жасатуға мәжбүрлеген. Бойжеткен отадан кейін есін жиған соң, өмірге деген көзқарасы өзгеріп, көп жайтты түсінген.

Сонымен қатар ол өзінің жиі пышаққа түсуі арқылы анасының көңіліне қаяу салғанын да байқапты.

Жігітіне ұнау үшін 30 рет пластикалық ота жасатқан бойжеткен өкініп қалды

«Сен бұған дейін сондай сұлу едің, ендігі түрің адам көргісіз», – деген екен Берридің анасы.

Мұнан кейін Берри жігітімен қарым-қатынасына нүкте қойып, пластикалық отаға деген тәуелділігінен арылған. Ендігі ол пластикалық хирургияға қарсы шығып, өзі тәрізді қиын жағдайға тап болған қыздарға көмектесіп жүр.

Жігітіне ұнау үшін 30 рет пластикалық ота жасатқан бойжеткен өкініп қалды

«Шындығында, жігіттер өз қыздарына қатты ықпал жасайды. Қыздар сүйіктісінің өзінің сырт келбетін жиі сынайтынын айтып шағымданып жатады. Көптеген қыз дәл мен сияқты ақымақтыққа барған», – дейді Берри.

Қазіргі уақытта бойжеткен пластикалық ота жасатқаны үшін өкінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау