Жігітін қызғанған бойжеткен оның үстіне күкірт қышқылын құйып комаға түсірді (фото)

Бейсенбі, 20 Шілде , 2017 13:28

Дэниел Ротэриуді сүйіктісі Кейти Леонг арадағы жанжалдан кейін күкірт қышқылымен жарақаттаған. Бойжеткен, алдымен, аталған қышқылды шұжыққа құйып тексеріп көрген екен. Бастапқыда, Дэниел қызы үстіне ыстық су құйып жіберді деп ойлаған. Артынша үстіне улы қышқыл төгілгенін түсініп, талып қалған.

Daniel-Rotariu-and-Anna-Kotanka (1)

Бұл туралы The Miror басылымы хабарлайды.

Түнгі сағат 2 шамасында жігіттің сүйіктісі Кейти Леонг оның үстіне жарты литр күкірт қышқылын құйып жібереді. Осылайша 31 жастағы Дэниелдің сау жері қалмай ауруханаға түседі. Дәл мұндай жарақат әр мыңыншы британиялықтың басында кездеседі екен. Күкіртті көптеген қылмыскер қару ретінде қолданып жүр.

Жігіт бүгінде тыныш ұйықтай алмайды. Себебі, сол бір түнгі қорқынышы басылар емес. Ол үкіметтен күкірт қышқылын жай адамға сатқызбауды өтініп жүр.

Daniel-Rotariu (2)

Daniel-Rotariu-victim-of-acid-attack

“Күкірт қышқылы салдарынан бет-жүзімді ешуақытта қайтара алмайтын болдым. Сол түнді де есімнен шығарар емеспін. Өмірім түбегейлі өзгерді десем де болады. Аталған қышқыл адамның сырт келбетін ғана мес, жан-дүниесін де жаралайды. Қаскөй адамдарға бұл қышқылды алуға мүмкіндік бермеуіміз керек. Оны тек лицензиясы бар мамандар сатып алғандары жөн деп ойлаймын. Дәріханалардың неге мұндай қадамға баратындарын түсінбеймін! Осы қышқылды сатуға тыйым салу үшін енді қанша адамның өмірі бүлінуі керек?” – дейді Дэниел.

Daniel-Rotariu (1)

Полиция ұсынған мәліметтерге сүйенсек, соңғы 12 айда күкірт қышқылының көмегімен жасалған қылмыстардың саны екі есеге артқан. 2015 жылы  ресми деректер бойынша 1 375 адам күкірт қышқылынан жарақат алған. Десе де, бұл көрсеткіштің шын мәнінде 2 000 болуы да ғажап емес.

Леонгтың бұлай жасауына қызғаныш себепші болған. Ол жігітінен өзін тастап кеткісі келетінін естіп, осындай қадамға барған. Бойжеткен, алдымен, қышқылды шұжықтың үстіне құйып тексеріп көрген. Ақыры Дэниел ауыр жарақат алып, 5 күн бойы комада жатқан. Тіпті, бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болған екен. Осыдан кейін дәрігерлер оны қолдау орталығына жатқызады. Көп ұзамай қолдау орталығының қызметкерлерінің бірі Дэниелге ғашық болып қалады. “Маған оның әңгімелері қатты ұнайды. Өзі сондай күлкілі әрі ақылды. Әрдайым қасында болғым келеді”, – дейде Анна.

Daniel-Rotariu (3)

“Достарым мені алып кетуге келген кезде, өзіммен бірге Аннаны да ала кеттім. Барлығымыз бірге кешкі ас ішуге бардық. Кейін достарым Анна екеуімізді жеке қалдырып кетті. Мен оны сүйіп қалдым. Бір кездері шайтанмен бірге тұрған едім. Енді өміріме періште келді. Екеуіміздің бес баламыз болғанын қалаймын. Бірақ, екеуін де қанағат тұтуға әзірмін”, – дейді Дэниел.

Daniel-Rotariu-and-Anna-Kotanka

Бірнеше ай ішінде Дэниелге 14 рет ота жасалған. Ол әлі күнге дейін анасымен жолықпаған екен. “Менің үйге баруға батылым бармайды. Анамның жүрек талмасы ұстап қала ма деп қорқамын. Қазір сырт келбетімнің қаншалықты қорқынышты екенін жақсы білемін”, – дейді ол.

Katie-Leong

Леонг наурыз айында 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Дэниелге моральдық шығын ретінде 19 000 еуро көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ал Дэниел өз кезегінде оны кешіргенін және алдағы уақытта жолығуға баратынын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Өзбекстан полицейлері кінәсін мойындамаған ер адамның екі аяғын сындырып тастады

Қанат Исламның бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар анықталды

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Дауылдан көз жұмған ардагердің өліміне шатырдың иесі кінәлі деп танылуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар