Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігер Ауыпбаев жаңа бейнебаянын тарту етті

Жақын күндердің бірінде жаңа қырынан танылып, “72 сағатта үйлену” фильміндегі басты рөлді сомдаған Ауыпбаев тыңдармандарын тағы бір мәрте қуантты. “Жаным” атты әнді жеке орындап қана қоймай, оған бейнебаян түсірді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін топтан кетпейтінін, топтағы төрт жігіттің ауызбіршілігін үнемі тілейтінін айтқан Жігер Ауыпбаев “Жаным” атты әнге бейнебаян түсіріп, тыңдармандарына тарту етті. Аталған әнге түсірілген бейнебаянда “72 сағатта үйлену” фильмінің кадрлары бар. Ән алғаш 2013 жылы “Ей, жаным” деген атпен шырқалған болатын.

Әнші осыған дейін де “Пайғамбарға арнау”, “Кездеспе”, “Мен және сен”, “Түңгі қорқыныш” сынды әндерді жеке орындап жүрді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін әншінің жол апатына түскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау