Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігер Ауыпбаев қиыншылыққа толы балалық шағы туралы әңгімеледі

«Меломен» тобының әншісі Жігер Ауыпбаев бала кезінде көп қиыншылық көргенін айтты. Тұрмыстың қиыншылығын бастан өткерген әнші: «Бүгін сахнада жүргенім әуелі Алла, екінші – анамның арқасы», – дейді.

ауыпбаев

Жігердің анасы Бурулсун Мамырбаева отбасымен бірге жоқшылықтың азабын бір кісідей көргендерін жеткізді. Бала кезінде ауыр науқасқа душар болған Жігерге ота жасату үшін отбасы бар мүлкін сатылымға шығарған.

«Ерте есейген баланың бірі менмін. Өйткені қиыншылықты қатты көріппіз. Қатты ауырып, ауруханаға түсіп, ота жасаттым. Қаражат қажет болып, біраз нәрсе сатылды. Сол кезде тұрған үйіміз бір танаға сатылып кетті. Ауруханадан шықсам үй де жоқ. Заттарымыздың барлығын әжеміздің есік алдына апарып қойғанбыз. Бәрі шіріп кеткен. Тек құжатымызбен қалдық. Асаба ағаларыма «ең болмаса 200 теңгеге тойға шығарыңыздаршы» деп айтатынмын», – деп еске алды Жігер Астана арнасының «Аналар» бағдарламасына берген сұхбатында.

Баласының ем-домына қаражат табу үшін асыл ана базарға шығып, саудамен айналыса бастайды. Жігердің анасы қиын-қыстау заманда оларға қол ұшын созған жандарға алғыс айтумен келеді.

«Ол кезде барлығы сауда жасайды. Мен де айналыстым. Ерте тұрам да, тамақ істеп, ауруханаға жүгірем. Жолдасым баламен бірге жатты. Керек нәрселерді жазып алып, базарға кететінмін. Қажетті қаражатты жинай алмасам, саудамды жасап болған соң көшеде жүретінмін. Үйге де бара алмайм, керекті соманы таппаған соң ауруханаға да бара алмайм», – дейді ол.

Ал Жігер балалары үшін тұрмыстың бар ауыртпашылығына шыдаған анасына дән риза.

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» дегендей. Алматыға келіп, мегаполиске үйреніп, өзің осы ортада қалай өмір сүру керексің, өзіңді қалай алып жүру керексің, сонымен бас қатырасың ғой. «Құран Кәрімнің» бір бетін ашып қалсам, тура сол бетке түсіппін. Бір аятқа көзім түсіп кетті. «Біз сендердің бақ-дәулеттеріңді тартып алу арқылы сынаққа түсіреміз» делінген. Көзімнен жас кетті. Анама звондап осындай аяттың бар екенін айттым. Анам біледі екен», – деді әнші.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық арулардың «Еркек болсаң дәлелде» атты бейнебаяны жұртты шошытты (видео)

Қарақат «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға қайран қалды

Қайрат Нұртасты жақсы көретін жапон қызы қазақ әндерін нақышына келтіре шырқайды (видео)

Валерий Меладзе: Жұбайым қазақ ұлтынан

Талқылау