Жібек Мусинованы зорлады деген күдіктілер бойжеткеннің өз еркімен қатынасқа түскенін мәлімдеді

Бейсенбі, 10 Қараша , 2016 22:45

Бірнеше сағат бұрын Алматы облысының Есік қаласында топ болып қыз зорлағандардың ісі бойынша сот отырысы аяқталды. Күдіктілер 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушылар Жібек Мусинованы топ болып зорлаған жігіттерге осындай жаза сұрап отыр, деп хабарлады КТК арнасы.

мусинова

Күдіктілер Алмас Ертаев, Асхат Бектұрсын, Ербол Ермеков пен Нұрбол Ертайға төрт бап бойынша айып тағылуда: адам зорлау, адам ұрлау, бұзақылық және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері. Алайда олардың бірде біреуі әзірге өз кінәларын мойындаған жоқ. Ол аздай, күдіктілер бойжеткеннің олармен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскенін мәлімдеді. Қылмыстық оқиға Жібектің анасының арқасында жария болды. Ол көмек сұрап видео түсіріп, оны ғаламторда жариялады. Әйелдің сөзіне қарағанда, төрт бірдей жігіт оның 30 жастағы қызын соққыға жығып, белгісіз жерге алып кеткен. Ағалары Жібекті оқиға болғаннан кейін келесі күні полиция бөлімшесінің маңынан тапқан. Жібек өзін бір топ жігіттердің зорлағанын, тіпті, өлтіруге талпынғандарын айтып берді.

«Үкімнің қандай болатынын білмейміз: айыпты деп таныла ма, әлде жоқ па белгісіз. Біз өкінген бір де бір адамды көрмедік. Сөздеріне қарағанда, олар кінәлі емес екен. Жігіттердің кейбірі бір үйдің жалғыз ұлдары екенін айтып, жазаларын жеңілдетуді сұраған. Ал прокурор жеңілдетуге еш себеп жоқ деп есептейді», – деді қорғаушы Айман Омарова.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық дәрігерлер Ақтауда зорланған қызды бағаналық жасушамен емдеуден бас тартты

Қазақ қызы түрік азаматына тұрмысқа шыққаны үшін қатты өкініп жүр

БҚО-да 6-сынып оқушысы әкесінен жыныстық зорлық көрген

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар