Жезөкшенің рөлін сомдаған “Алау” тобының жігіттері өздерін сынағандарға жауап берді

Баян Алагөзованың қол астындағы «Алау» тобы кезекті клиптің тұсауын кесті. Бір тәулік бұрын желіге жүктелген жаңа видеоның мағынасын көпшілік әлі де ұға алмай әлек. Бейнебаянды түсініксіз туынды деп таныған жұртқа жігіттер жауабын бермек.

Жезөкшенің рөлін сомдаған "Алау" тобының жігіттері өздерін сынағандарға жауап берді

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Алау» тобының жаңа жұмысы – «Енді тыңда» деп аталады. Қазнет қолданушылары қызу талқыға салған видеода, төрттік түрлі образдарға енген. Серілердің сөзінше, бұл әлеуметтік бейнебаян. Олар қоғамда дау тудырған тақырыптарды бір туындыға тоғыстырғандарын айтады. Алайда, біткен іске сын айтқандардың санын да шек болмай тұр.

“Көп шулы заттар болып жатыр. Сол шулы заттарды былай қостық та, соны клипте қолдандық. Шамалы «еркек еркек болып қалу керек» деген сияқты нәрселерді айттық ол клипте. Жаңағы қамшымен көп шу болды, соны да қостық. Ол клип негізінде бір қарап, сын айтатын клип деп ойламаймыз”, – дейді “Алау” тобы.

Қамшы демекші, бойзбенд жігіттері бұл бейнебаянда әйелдерше киініп, көшедегі жөзекшелерді өздері сомдаған. Ал, нәзік жандылардың рөлін кәсіби актрисаларға табыстау, қазақ қызын қорлаумен тең деп түсіндірді.

“Әйел образына басқа біреулерді жалдағымыз келмеді. Өйткені, өзіміздің қазақ қыздарын өзіміздің клипте, абыройын түсіргіміз келмеді. Оны өзіміз сомдадық. Ол жай ғана клиптегі келіп-кеткен рөл. Ал, жаңағы жазып жатқандар, еректің ісі емес дегендер, өздерін еркекше дәлелдесін”, – дейді “Алау” тобы.

Иә, бұл видеода бойзбенд жетекшісі Баян да бой көрсетеді. Клипте ашулы кейіпкерді сомдаса да, тұсауы кесілген тың туындыға Алагөзова оң баға беріпті.

“Біз өзімізі ұсынғаннан кейін Баян Мақсатқызына, өзіміз барлығын істегеннен кейін «5» деген баға қойды күнделікке. Ұнады, жақсы, өсіпсіңдер деген сияқты комплименттер айтты”, – дейді “Алау” тобы.

Клиптің сценраийін «Алаулық» жігіттердің өздері жазған. Идея авторлары, жаңа жобаға үш айға жуық уақыт дайындалыпты. Ал, ғаламторды шулатқан бейнебаянға осы жылдың мамыр айында ғана таспаланған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар