Жезқазғанда тұтқындалған ер адамның өлімінің себебі белгілі болды

ҚР Ішкі істер министрлігі Жезқазған қалалық ІІБ-нің қабылдаушы-бөлуші камерасында әкімшілік тұтқындағы азаматтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жезқазғанда тұтқындалған ер адамның өлімінің себебі белгілі болды

«Мәйітті сою нәтижесінде тыныс, жүрек жеткіліксіздігінің асқынған түрі, екі жақты крупозды пневмония өліміне себеп болғаны анықталды», – дейді ведомствоның ресми өкілі Алмас Садубаев.

Министрліктегілердің мәліметінше, азаматты қабылдаушы-бөлуші камераға қамау кезінде, ол денсаулығына шағымданбаған. Сонымен қатар камераға тоғыту кезінде фельдшердің бақылауынан өткен.

«Фельдшердің сөзінше, қайтыс болған азамат келген кезінде өзін нашар сезініп тұрғанын және ішімдік ішкеннен кейін осындай жағдай болып тұратынын, 2-3 күннен кейін өздігінен сауығатынын айтқан. Сонымен қатар созылмалы ауруының жоқ екенін жеткізген», – дейді Алмас Садубаев.

Ведомствоның ресми өкілінің мәліментінше, қайтыс болған азамат наркологиялық диспансерде маскүнем ретінде тіркеуде тұрған.

«Тексеруден кейін «мастық синдромы» диагнозы қойылған. «Корвалол» ж»не «Аспирин» дәрілері тағайындалған. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тескеріс жүргізіліп жатыр», – дейді Алмас Садубаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар