Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда іс-түссіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Жезқазғанда полицейлер із-түссіз жоғалған 13 жастағы Лия Бейдельді іздеп жатыр. Қызды іздеу үшін Жезқазған қаласының ІІБ-ның жетекшілігімен қылмыстық және жергілікті  полицей қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылды.

11581571 (1)

Сурет: newskaz.ru

Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жоғалған қызды іздеуге әскерилер, білім беру бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.

«Лия Бейдель жайлы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардан 8 7102-76-15-53, 76-33-99 байланыс нөміріне немесе 102-ге хабарласуын сұраймыз», – делінген пресс-релизде.

Қыздың негізгі белгілері: бойы – 160-165 см, арық келген, шашы ақшыл қоңыр түсті. Қара көзді, тік мұрынды. Ерні жіңішке келген, ал құлақтары жабысыңқырап тұрады.

Үстіне қара түсті қысқа күртеше, ақ футболка, көк түсті джинсы шалбар мен табаны ақ түсті қара аяқ киім киген.

Талқылау