Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазған тұрғындарының тұтынып келген ауыз суы сапасыз әрі қауіпті болып шықты

Құрметті Жезқазғандықтар! Сіздердің бірнеше жылдан бері тұтынып келе жатқан ауыз суларыңыз  сапасыз әрі адам денсаулығына қауіпті.  Осы өңірдің тіршілік нәріне сараптама жүргізген мамандар, осындай қорытынды шығарды.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ереже бойынша судың құрамында болуы тиіс күшәннің мөлшері 0,01-ден 0,05 миллиграмм литрге дейін көтерілген. Ал 2 миллиграмм мыстың нормасы, керісінше 1-ге төмендеп кеткен. Бұдан өзге, Жезқазған халқы тұтынып отырған ауыз судағы сынап та тиісті белгіден жоғарылаған екен. Өз кезегінде бұл қант диабеті, остеохондроз сияқты ауруларға шалдықтырып, өкпе мен бауырдың қабынуына әкеп соқтыруы  мүмкін.

Дегенмен Жезқазған қаласының басшылары ауыз суды тұтынуға болады дейді. «Ал тіршілік нәрінің құрамындағы көрсеткіштер сынамалар алынғанда көтерілуі мүмкін екенін айтады. Өйткені о баста өз бетінше бөтелкеге құйып, Астана қаласындағы сараптама орталығына жіберген тұрғындардың әрекетін ешкім қадағаламаған көрінеді. Сондықтан зертханалық тексерістің нәтижесіне күмәніміз бар деген шенеуніктер сараптаманы қайта жасатпақ.

“Ол суды құйып алған ыдыстың таза емес болуы мүмкін. Ол жаңағы қақпағы қандай болғанын біз білмейміз. Мысалы, санитарлық-эпидемиологтар олардың өздерінің арнайы ыдыстары бар. Судың сапасын тексеру үшін арнайы ыдыс қолданылады олар”, – дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар таңғы уақытта неліктен бас ауыратынын анықтады

Талқылау