Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеткіншек бәс үшін сүйіктісін өлтіріп тастады

15 жастағы қызды сүйіктісі өлтіріп тастады. Жас жігіт бәс үшін осындай қадамға барған.

Ребекка Айлворд сүйіктісі Джошуа Дэвистің қолынан мерт болды. Жас жігіт қызды орманды жерге апарып, үлкен таспен ұрған.

15 жастағы Джошуа Дэвис достарымен бәстесе отырып, қызды өлтіре алатынын айтады. Егер қызды өлтіретін болса, достары оған сүйікті кафесінен тамақ алып беруге уәде береді. Достары оны улы өсімдіктермен улауын немесе жартастан итеруі тиіс екенін айтады.

Жігіт қызды кездесуге шақырып, досына «ештеңе айтпа, тамақ алып беруге дайындал» деп жазады. Бойжеткен біраз уақытқа айырылысып кеткен жігітімен кездесуге асығады. Онымен кездесуге жаңа көйлек те сатып алады.

Дэвиспен кездескен күннің ертеңіне бойжеткенді өлі күйінде табады. Ал, жігіт түк болмағандай үйіне барып, достарымен кездесіп, мән-жайды айтып береді. Ол кінәсін мойындамай, істі досына жабуға тырысады. Ол досын оқиға болған жерге әкеп, қызды қалай өлтіргенін көрсетіп мақтанған.

Сот Джошуа Дэвисті 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау