Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жеткен жеріміз осы ма?”: Қарақат Әбілдина мектептерде мүшеқап таратуға қарсы шықты

Денсаулық сақтау министрлігінің оқушыларға мүшеқапты тегін тарату туралы ұсынысы қоғам белсенділерінің ашуына тиді. Күні кеше депутат, әнші Бекболат Тілеухан бұл бастамаға қарсы пікірін білдіріп, оның орнына ұлттық құндылықтарды насихаттау керектігін айтты. Ел ағасының пікірін Қарақат Әбілдина да жақтап отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

"Жеткен жеріміз осы ма?": Қарақат Әбілдина мектептерде мүшеқап таратуға қарсы шықты

“Жеткен жеріміз осы болса, масқара деген осы болар?! Мектеп жасындағы баланы күнә жасауға итермелеу емес пе бұл? Ұлттық менталитетіміз қайда қалады? Әлеуметтік желідегі ұятсыздықпен күресудің, анайылықты жоюды қолға алудың орнына қайта соған жол ашып бермек пе? Ұрпақ тәрбиесін қолға алып, ұлттық сананы қалыпқа келтірудің орнына теріс жолды насиxаттамақ ойда ма?” – деп ашынды әнші.

Әбілдина саясатқа араласқысы жоқ екенін атап өтті. Алайда бес бала тәрбиелеп отырған ана ретінде бұл мәселеге бей-жай қарай алмағанын алға тартты.

“Бекболат ағамен толық келісемін, мұндай бастамаға түбегейлі қарсымын!” – деп түйіндеді сөзін ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау