“Жеткен жерім осы”: Аша Матай ауруханаға түсіп қалды

Күні кеше мерейлі 30 жасқа толған Аша Матайдың денсаулығы сыр берді. Тележүргізуші туған күнінен кейін ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Аша Матай

Аша осыдан бірер апта бұрын сіңлісі Айсәуленің сырға салу рәсімінде ауырып отырған болатын. Десе де, тележұлдыз сол уақыттан бері денсаулығына жіті көңіл бөлмеген көрінеді.

“Барлықтарыңызға кеш жарық. Жеткен жерім осы. Енді менде гайморит, ауруханаға жатқызып қойды, теледидар көріп отырмын”, – деп бөлісті Аша өзінің Instagram-Stories-те.

Айта кетейік, күні кеше Арман Қоңырбаевтың Ашаның 30 жасына жасаған ерекше сыйы туралы жазған болатынбыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр