Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісай тұрғыны егіздерге жүкті сүйгенін анасы рұқсат етпегені үшін тастап кетті

26 жасында сүйген адамынан жүкті болып, дүниеге егіз бала әкелген Дина (есімі өзгертілген - ред.) "Бала болдым дейін десем бала емеспін, 26-да болдым. Мүмкін сезімге қатты беріліп кеттім де, көзім тек сол адамды көріп тұрды" дейді. Сөйтіп жеме-жемге келгенде, ер азамат сүйгеніне анасы қарым-қатынастарына қарсы болғандықтан қосыла алмапты. 

Жетісай тұрғыны егіздерге жүкті сүйгенін анасы рұқсат етпегені үшін тастап кетті

"Тек сол адамға сендім.  Артынан қалмай жүрдім", - деп бөлісті Дина алғашқы әсерімен.

Аяғы егіздерге ауыр екенін білгенде, Дина ерекше күйде болғанын айтады. УЗИ-ге жүктіліктің 3-нші аптасында жігітімен барған Дина егіз болатынын білгенде қатты қуанған. 

"Отбасын құрмай, аяғы ауыр болған Динаның жақындары да қолдапты. Себебі денсаулығыма байланысты дәрігерлер бала тууға кеңес берген дейді. Тек бір ғана кісі қарсы болған, оның өзінде қазір ол адаммен қарым-қатынасымыз бұзылды", — дейді Дина.

"Балаларыңыздың әкесімен қосылмауыңызға не себеп болды?" деген сауалымызға Дина: "Бұрын мен тұрмыста болдым, бала көтере алмадым. Ал балаларымның әкесі бойдақ, бұрын үйленбеген жігіт. Туыстары қарсы болды маған үйленуіне", - деп жауап берді. 

"Не дегенмен де әйелдердің туған баласын тастауға қарсымын. Қазіргі уақытта бұл үлкен мәселеге айналды.  Өткенге еш өкінбеймін. Қазір қасымда шүкір, дендері сау балапандарымның. Төрт жасқа келеді. Менің айтарым - балалар далада қалмаса екен, олар жыламаса екен. Әкелері бір күні өздері іздеп келеді, өйткені қорқыныш ояна бастайды деп ойлаймын. Қиындықтар уақытша ғой, адам санасын уламаса екен, асырай алмаймын, баға алмаймын деп. Әйел ешкімге сенім артпай, отбасылы болса да өзі үшін туу керек. Баламен біреуді байлап қою, ұстап қалу мүмкін емес", - дейді Түркістан облысы Жетісай ауданының түрғыны Дина. 

"Мен әйелдерге ешқашан баласын алдыртпасын деген кеңес беремін, кейін қатты өкінеді, бала анасының  жатырында жатып-ақ барлығын сезеді. Жігітімнің анасы келіп ұрыс шығарған кезде, мен барынша жыламауға тырыстым, бірақ жылайсың қайткенмен де ауыр сөздер айтылып жатқандықтан. Онда іштегі екі баламның тырысып жатқанын сездім ғой. Ішім бүртіп ауырып. Іштегі бала ананың күй-жайын бәрін түсінеді. Қазір де балаларым менің көңіл-күйімді жабырқатпауға тырысады, солар үшін өмір сүріп жатқанымды түсінеді. Сондықтан баланы некесіз көтеріп қалған жағдайда да алдыртуға болмайды. Ары кетсе 3-4 жыл қиналасың, кейін бәрі қалпына келеді", - деген кеңесін береді Дина. 

Қазір егіздер әкесімен араласып тұра ма деген сауалға келіншек оның үйленіп кеткенін айтады, бірақ қарайласып тұрады екен.

"Ер балаға еркектің тәрбиесі керек қой. Балаларым сұрайды папалары туралы. Өзім әкелерін жоқтатпайын деп, күнде қатты қысып құшақтап, жақсы көретінімді айтып тұрамын", - дейді қазір 30-ға келген Дина.

Басқа ер азаматтардан ұсыныстар түскенде Дина балаларына жақсы әке бола ма деген үміт ұялайтынын айтады. "Бірақ ішкі дүнием қарсы болып тұрады бәрібір. Күдіктенесің, сол күдігін расталады кейін. Бір ер кісімен кездесіп жүрдім, ол балаларыммен танысқысы келді, ішім бірдеңе сезгендей болды, ішкілікке жақын адам сияқты көрінді. Көп ұзамай менің күдігім расталды. Тағы бір ер адам үйленбек еді, бірақ  ол кісі балаларға әкелік танытатын ойы болмады, тек әйел керек болған сияқты. Балаларым өз әкелерін таниды, папамыз жұмыста деп айтып отырады. Папамыз көп ақша алғасын бізге мәшине алып береді деп отырады. Жағдайымыз осылай", - дейді Дина.

Талқылау