Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісай тұрғыны: Қыздың ата-анасы ұзатуда үш жүк көлігімен жасау алып барады (фото)

Қыз жасауы бұрыннан түрлі облыс қазақтары арасында талай мәрте сынға ұшыраған, талай дауға бастама болған жағдай. Stan.kz  сайтының тілшісі түрлі өңір аруларымен тілдесіп, қалың мал мен жасауға байланысты пікірлерін ғана емес, дайындықтарын да сұрап көрген еді.

фото:көрнекі

Материалда әр өңірдің тұрғындарынан қызға жасау берер кезде қандай ережелерді ұстанып, дүние берудегі негізгі тәртіптері жайлы сұрап көрдік. Келін түсіріп, қыз ұзатар болсаңыз, аймақтардағы “той тәртібін” біле жүріңіз.

Шырын  Қадырқызы жас келін, Семей қаласынан.

«Құрылатын жас отау үшін қыз балаға берілетін жасаудың маңызы зор. Себебі жасауда барлық жас отбасының алғашқы өміріне қажетті заттардың барлығы болады.

Оның ішіне пышақ кірмейді. Жасау жинаудың дәстүрі жылдар өте өзгермегенімен, оның құрамы заман талабына сай қажетті бұйымдармен толықтырылып жүр» – дейді жас келін Шынар.

Міндетті түрде көрпе-жастық, оның ішінде махаббат көрпесі, мамық жүннен жасалған кем дегенде 4 жастық, апаларымыз арнайы тігіп беретін оюлы, құрақ көрпелер, төсек орнымен қоса шымылдық тігіп береді.

Төсек орын демекші, жиhаздар да беріледі. Жастардың  төсегі, шкаф, айна, перде,  кір машинасы, қысқа толқынды пеш  оғанқоса асханаға қажетті барлық техникат алаберуге болады жағдайға қарай. Сонымен қоса, түр-түрімен ыдыс-аяқ. Қыз баланың өз әшекейлері мен киім-кешектері де қоса беріледі.

Шанардың айтуынша, Шығыста киімге көп мән бермейді екен.

«Ең қымбат зат- ыдыс аяқ жинағы болды. Себебі мен таңдаған түрі 136 заттан тұратын Араб әмірліктерінен әкелінген әдемі ыдыстар болды.

Техника, жабдықты ата-анамнан кейін сатып алып беруін сұрадым. Жасауыма бұл заттар қажет деп тануымның себебі, қыз балаға кунделікті тұрмысқа осындай заттар керек. Алғашқыда бөтен уйге барғанда қысылып қалмасын деген мақсатпен беріледі»,-дейді Шынар.

Шынар келін кей аймақтарда «келіннің жасауы қажет емес» деген пікірмен мүлде келіспейді.

«Себебі жасау жинау,оны көрсетіп берудің түбінде терең тарих жатыр. Ол біздің дәстүр. Қыз баланың ата- анасы 6 жастан бастап жинасаң асады,7 жастан бастап жинасаң жетеді деп жастайынан жасау жинайды.

Ұзатылып бара жаткан қыз барган жеріне беті ашық болсын деп бүкіл жақын-туғандары қосылып, жинайтын заттардың сапалысын әдемісін береді. Көбіне жігіт жақ беретін қалын малдың көлеміне тең болады дейді. Дегенмен, біз жақта қалың мал жоқ»,-дейді Шынар келін.

 

Шынар бүгінде  өзі таңдап алған дүниелерін пайдаланып, рақатын көріп отырмын дейді.

«Мысалы, ата-енеме, жаңа үйіме келген қонақтарға өзім таңдаған әдемі ыдыстарға салып, көңіл- күйіммен пісірген асты ұсынамын. Бөлмемде барлығы жаңа, ұйықтағанда сондай бір рақаттана аласың. Сондықтан жаңа зат, жақсы дүние жастардың үй болып кетуіне үлкен септігін тигізеді деп түсінемін.»,-дейді жас келін.

 

Гауһар Қапаш 19 жаста, студент, Шымкент қаласынан, жасау дайындауда

«Жалпы қыз жасауы біз жақта өте маңызды. Ұзатылатын қызға ұсақ түйектен бастап бүкіл дүние мүлкін қосуға тырысады. Киім-кешегі, алтын алқасы мен әр бір сақинасына дейін арнайы таңдалады. Қалың мал деген бар біз жақта.

Жігіт жақ берген қалың малды алып, соған лайықтап жасауын жасайды. Дегенмен жасауға қыздың ата-анасы мен туыстары көп қаржы жұмсайтыны анық.Себебі көп жағдайда жігіттің үйі дайын болса, қыздың ата-анасы сол үйді қажеттінің барлығына толтырып береді.

Ал жастар , сол жерде жаңа өмір бастайды. Қаржылай жағдай болып жатса, несі жаман? Өзіміздің жақтың салт дәстүрі ұнайды. Қаймағы бұзылмаған, қазақылықты ұстанған халық.» – деп өз ойын білдірді.

Гауһар өзінің мойнындағы қазақы алқасын нағашы апасы жасауға қосқанын ал, қазір анасы өзіне сыртқанын айтты. Алдағы уақытта осындай қазақы дүниелерді анасы жасауына қосуды жоспарлап отыр екен.

Баршын Тілеуханқызы 25 жаста, Алматы обылысынан, жасау дайындауда

«Менің ойымша жасауда махаббат көрпесі, жамылғы, төсек көрпелер және қонақтарға арналған көрпелер болуы керек. Сонымен қатар, ыдыс аяқ жинақтары,оның ішіне қасық, шәйнек сынды асхана құралдары.

Заманауи жиhаздар, түрлі тақ сандағы орамалдар. Бұлардың барлығын  жасауға  міндетті түрде қосу керек деп ойлаймын. Және менде міндетті түрде 3,5 деген тақ сандармен болуы керек»,-дейді Баршын.

«Әзірге менің жасауымнағы ең қымбат зат 100000тг көлеміндегі ыдыс- аяқ жинағы. Мен жұбайлаға арналған төсекті ең қымбат болу керек деп есептеймін. Оны 200- 400 мың аралығындағы бағада  алу ойда бар.

Әрине, қандай отбасыға баратыным белгісіз. Сол үшін күнделікті тұрмыста қолданатын заттардың барлығы болу қажет деп ақырындап жинап жатырмын. Егер кейін бөлек шыққан жағдайда өз дүниең өзіңде болады.

Жігіттің үйіндегілер жасаусыз кел десе де өз жасауыммен барамын. Себебі, жасаудағы дүниелердің ешқандай керек емес, артығы жоқ.Ол дүниелер басында қажет болмағанымен, кейін пайдаға асады деп білемін»,-дейді Баршын.

Жұлдызай Қайратқызы, Қызылорда қаласынан, жасау дайындауда.

«Мен жасауға міндетті түрде алатын заттарым, олар: спалный гарнитур барлык төсек жабдығынмен, құрақ көрпе (төсеніш), жамылғы, жастық,(покрывало,төсек жаймалар, махаббат көрпесі)) сонымен қатар, құда-құдағиға деп көрпе-жастык қосылады біз жақта.

Сандық, 2 кілем,бір бөлмелік перде, ыдыс-аяқ. Ары карай жағдайға қарай отырып, тағы да басқа, кухонный гарнитур, шаңсорғыш, тұрмысқа қажетті басқа да заттар алынады.

Киім-кешекті төрт мезгілге арнап аламын. Ең қымбат дүние ол спалный гарнитур болар, қазір тәуірі кем дегенде  300 мың теңгеден басталады.

Тұрмысыңа қажетті заттарды алсаң, мүмкін ата-енеден бөлек жанұя құрып  кетіп жатсаң сол дүниенмен бөлек шығасың. тұрмысыңа қажеттінің бәрі өзіңмен болады.

Кейде жасаусыз барған қыздардың артынан әңгіме де айтылып жатады. «Еш дүниесіз келді», «төсегі келмепті» деген сиякты. Сол үшін аз болсада дүниемен бару керек.

Жігітім де, уйіндегілер  де ештеңе керек емес «өзіңді алсақ болды» дейді. Бірақ, салтымыздан қалмай жасаумен барган дұрыс деп ойлаймын, өзге де, өзіңе де тыныш».

Біз жақта қалың мал бар. Бірақ жұттар айтатындай емес, көбі Қызылорданың қыздары қымбат, сұмдық қалың мал алады деп ойлайды екен. Дегенмен айта кетейін, бұндай нәрселер біз жақта екі жақтың келісімімен шешіледі. Мынанша ақша болса ғана аламыз дегендей әңгіме жоқ. Шамамен, 150 мен 300 мыңның көлемі болуы керек»,-дейді Жұлдызай.

Ақнұр Мұратқызы студент, Ақтөбе қаласынан

«Ұзатылған қыздың артынан қыз жасауын беру ертеден келе жатқан дәстүріміз. Өзім Ақтөбе облысының тумасымын. Біз жақта көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, керекті киім-кешек пен кейбір жиһаздарын жасауға қосады.

Жасым 19-да, тұрмысқа шығуға әлі ерте деп санаймын. Дегенмен анам кейде әдемі ыдыс-аяқ көрсе сатып алады да “сенің жасауыңа қосамыз” деп айтады. Яғни қыздары бойжете бастаған соң, ата-аналары дүние жинай бастайды.

Сонымен қатар Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” шығармасын білеміз, басқа да шығармаларды оқи отырып ата-бабамыз қыз алған жерге қалың малын беретін болған екен. Бірақ Батыста қалың мал деген ұғым жоқ. Бірақ, жасау беріледі»,-деді Ақнұр.

Гүлдана Қазтай студент, ОҚО-ға қарасты Жетісай қаласынан.

«Қазақта «қалыңсыз қыз болсада, кəдесіз қыз болмайды» деген сөз бар. Дегенмен , оңтүстікте «қалыңмалсыз қыз болмайды» деген де ұғым қалыптасқан. Оңтүстік өңір, оның ішінде Жетісайдың қалың малы осы уақытқа дейін қанша сынға ұшыраса да ежелден қалған дəстүр сқталып қалды. Иə, бізде қалың мал бар жəне қымбат.

Қазіргі таңда бір қыз үшін берілетін қалың мал 500 мың теңгеден басталып 1,5-2 млн теңгеге дейін барады. Осыған қарап, өзге өңірлер оңтүстіктегілер қыздарын сатады деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Себебі бізде қыздың ата-анасы қалың малдың ақшасына ақша қосып, қыздың жасауын жібереді.

Батыс өңірінің халқы сенбесе Жетісайдан қыз алып көру керек шығар. Қыздарына жасауды бірнеше  жүк көлігімен жөнелтетін ата-аналар бар. Бір үйге қажет барлық техника, жиһаз, бұйым, төсеніш, ыдыс-аяқ, жас келіннің, күйеудің  төрт мезгілдік қымбат әрі сапалы киімдері  береді. Сондай-ақ оны абыройы үшін емес, алақанында аялап өсірген қызы жат жұртта қиналып қалмасы үшін жібереді.

Қыздың жасауында төсек-орнынан бастап, асханаға керек ас үй жабдығы, газ, қысқатолқынды пеш, ыдыс-аяғын, тоңазытқышын, тұрмысқа қажет шаңсорғыш, үтік, кір жуатын машина , қонақ бөлмеге арналған жиһаздар, сонымен қатар қыздың киімдері болады. Оған қыздың алтын бұйымдарын қосыңыз.

Жетісайдың байлары қалыңдыққа бриллиант яғни гауһар тасты сырға салып, қыздың туыстары сыйлыққа осындай бағалы тастармен көмкерілген әшекейлер сыйлайды. Осылардың ішінде жатын бөлме жиһаздарына көп ақша кетеді.

Себебі оның сапалысын таңдау əр қыз үшін маңызды. Ал, егер жігіт қызда жасаусыз аламын десе “күйеу ілу” деген салт бар. Ол кезде кілем ғана апарады. Бірақ бұндай жағдайлар көп кездеспейді.

Себебі оңтүстікте әр ата-ана жағдайына қарай қызы жоғарғы сыныпқа өткеннен бастап қамдана бастайды. Оның еш жаман жері жоқ деп білем.

Себебі қазір көп жастар махаббатпен үйленіп, тұрмыстағы жоқшылықтың кесірінен ажырасып, аралары суып жатады. Ата-ана сондай өтпелі кезеңде балаларын қолдап жіберсе, бір бақытты отбасы пайда болады деген сенімдемін.» – дейді.

Оқи отырыңыз:

2017 жылдың ең күлкілі жануарларының суреттері жарияланды

Ер адам болып туғанымен, әйел болып өмір сүріп жатқан 10 сұлу

“АрселорМиттал Теміртау” ереуілге шыққан шахтерлерді сотқа берді

Әнші Адэми отбасылы еркекпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Талқылау