Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетінші қабаттан құлаған баланың миы шайқалып, сүйегін сынған

Ақтауда жетінші қабаттан құлаған баланың миы шайқалып, сол жақ жіліншігі сынған. Баланы қараған дәрігердің айтуынша, беті мен денесінің де кейбір тұсы жарақат алған.

ымым

Бұл туралы “Лада” хабарлайды.

Ақтауда жетінші қабаттағы терезеден құлап кеткен балақай биыл қыркүйек айында екі жасқа толады екен. Бірақ, оқиғаға куә болғандар баланың екінші туған күні ретінде 21 маусымды белгілесе әбден болады дейді. Оның өмірін көпқабатты үйдің алдына орнатылған арнайы қоршау аман алып қалған.

Балалар ауруханасының жансақтау бөліміне бала травматикалық шокпен түскен. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасындағы травматология бөлімінің меңгерушісі Құрман Қайрановтың айтуынша, баланың миы шайқалып, жіліншігі сынған.

“1 жас 9 айлық бала жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізілді. Интудһбация орнатылып, арнайы аппаратқа қосылды. Басын томографияға түсіргенімізде миының шайқалғанын анықтадық. Ішкі органдары аман-сау. Қазір оның жағдайы жақсы. Ал миы шайқалғандықтан, ұзақ уақыт ем қабылдауға тура келеді. Әйтсе де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – дейді дәрігер.

 

Талқылау