Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті айлық сәбиін сабаған келіншек аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Алматы облысында жеті айлық нәрестесін жерге алып ұрған келіншек аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Полиция 28 жастағы Марина Тюменцоваға қатысты қылмыс іс қозғады. Қатыгез ананың ғаламторды шулатқан әрекеті заңға қайшы деп танылса, оның үш бірдей баласы жетімдер үйіне жіберілмек.  Туған шешесінен жәбір көрген сәби болса қазір ауруханада, – деп хабарлайды КТК арнасы.

talgarrr

Анасынан оңбай таяқ жеген жеті айлық Ирада Тюменцова Талғар аудандық ауруханасында жатыр. Кеше кешкісін ювеналдық полиция қызметкерлері мен аудандық білім бөлімінің мамандары оны анасынан ажыратып алып кеткен. Қазір дәрігерлер сәбидің қаншалықты зардап шеккенін анықтап  жатыр.

“Ираданың тәбеті жақсы. Ойнайды, күледі. Ешкімді жатырқамайды.  54/28 Бүгін таңертең баладан қанын алдық, зәрін алдық. Былай ешқандай шағым жоқ”, – дейді Талғар аудандық ауруханасы балалар бөлімінің меңгерушісі Ләззат Әкімханова.

Келгеніне бір-ақ күн болған Ирада осы емханадағы ең танымал бала. Дәрігерлер де, өзге ата-аналар да айналшақтап шықпайды. Ол да ешкімді жатырқайтын емес. Анасын іздеп жылап жатқанын байқамадық. Оны да осы уақытқа дейін тірі жан іздеп келмепті. Шешесі Марина тіпті нәрестесінің қайда жатқанын да білмейді екен. 5 жасар қызын жетектеп жол бойында кетіп бара жатқан жерінен кездестірдік.

“Қызым кеше менің қасыма қонған жоқ. Мен оны қатты сағындым. Сусынын, йогуртын алып қойдым. Қазір киімдеріне бара жатырмын.  Өз ісіме қатты өкінем. Кешіріңіздерші мені. Мен екінші рет бұлай жасамаймын”, – дейді Марина Тюменцева.

Етегі жасқа толған ана өзінің қатыгез әрекетін видеоға түсіріп бүкіл елге масқара еткен жігітінен кетіп қалғанын айтады. Құрбысының үйіне орналасып алған соң қызымды іздеймін деп отыр. Марина ғаламторда шу тудырған әрекетке баруына енесі мен бірге тұрған азаматты кінәлауда. Соларға ашуланып төсекте жатқан баланы лақтырып жібердім дейді. Және сол кезде ішімдік ішіп алғанын да мойындап отыр. Енді оның жағдайы мүшкіл

“Кәмелетке толмаған балаға күш қолданғаны үшін Марина Тюменцеваны аналық құқығынан айыруы мүмкін. Оның тұрақты жұмысы да жоқ. Жиі ішімдік ішетіні де анықталды”, – дейді Талғар аудандық ІІБ инспекторы Ханума Тасыбаева.

Марина Тюменцеваның қылмысы дәлелденіп, аналық құқығынан айырса оның үш бірдей баласы жетімдер үйіне жіберілуі мүмкін. Тиісті орындар жеті айлық Ирада және 5 жастар Таисамен қоса қазір әпкесінің қолында тұратын 12 жастағы ұлын да алып қояды. Ал анасынан оңбай таяқ жеген бейкүнә сәби тергеу аяқталғанша дәрігерлердің бақылауында болмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Тұтқындағанда ақшасы аппаратпен 5 сағат саналған олигарх мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Қостанайда шлагбаумның кесірінен жедел жәрдем науқасқа көмек көрсете алмай қалды

Ақтөбеде “пәтер тонады” деген күдікті түрмеде аузын тігіп, аштық жариялап жатыр

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ешкімге айтпаған сырларымен бөлісті

Талқылау