Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әйел тапқан 10 мыңнан, еркек тапқан 1 мың артық": Жазира Байырбекова өзіне күйеуінің қалай қолдау көрсететінін айтты

Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінгі жетістігіне кімнің арқасында жеткенін айтып, жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Жазира

Әнші қасында қорғаны Жанболат болмаса мінезінің жұмсақтығынан, аңғалдығынан осы күнге жетпес едім деп жазды. Жазираның айтуынша, әрбір жеткен жетістігі жарының қолдауының арқасы.

«Қасымда қорғаным болмаса қанша еңбектенгеніммен, көңілшектігімнен, аңғалдығымнан бүгінгі жетістігіме жете алам ба жоқ па белгісіз», - дейді Жазира Байырбекова.

Әйел мен ер адамның нәпақасының арасы жер мен көктей екенін жасырмаған ол жалғызбасты аналарға жанашырлық танытып, Алладан күш-қуат тіледі.

«Әйелдің тапқан 10 мыңынан еркектің тапқан 1 мыңы берекелі деп ойлаймын!
Ал, жалғызбасты аналарға Аллам өзі күш-қуат берсін!» - деп жазды әнші.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр