Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жесір әйел ұлдарына миллиондаған еуро, ал қыздарына ыдыс-аяқ қалдырған

Ирландияда дәулеті тең бөлінбеген әйелдің балалары арасында ұзақ жылдарға жалғасқан сот ісі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі The Irish Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жесір әйел ұлдарына мұраға миллиондаған еуро, ал қыздарына ыдыс-аяқ қалдырған

Фермаға иелік еткен әйел 2013 жылы көз жұмған. Ол үлкен ұлына аумағы 3,5 акра (141 соттық) жер қалдырған. Меншіктің құны сол кездің өзінде 42 мың еуро тұратын. Екінші ұлына құны үш миллион еуроны құрайтын 199 акр (80,5 гектар) жер қалдырған. Ал үшінші ұлының үлесі 748,5 мың еуроға бағаланған. Әйелдің үш қызына болса 5 мың еуродан, сондай-ақ, ыдыс-аяқ пен ас үй жабдықтары тиген.

Мүліктің дәл осылай бөлінуі үйдің тұңғыш ұлына ұнамаған. Айтуынша, 15 жасынан бастап ата-анасының фермасында жұмыс істеген оған еңбек ақысы төленбеген. Ал 1997 жылы анасы оған кемі 90 акр жерді қалдыруға уәде еткен.

Арада бірнеше жыл өткен соң, анасы мен ұлы келінінің төркіні тарапынан айтылған наразылыққа бола ұрсып қалған. 2003 жылы әйел өсиет хатын өзгертіп, тұңғышының үлесін азайтқан. Ал 2007 жылы тіптен фермадан қуып жіберген. Бүгінде ол таксист болып жұмыс істейді әрі бауырларымен араласпайды екен.

Оның шағымын қарастырған судья анасының қателік жібергенін мойындады. Оның шешіміне сәйкес, үлкен ұлдың ұлесі 90 акрға дейін артты.

Бір қызығы, жесір әйел өлгеннен кейінгі қыздарының жағдайын ойламаған. Бірақ судьяның сөзіне қарағанда, олар ешқандай да шағым түсірмеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау