Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жесір әйел күйеуінің беті ауыстырып қойылған ер адаммен кездесті

Америкалық Лили Росс күйеуінің бетіне ие болған Вайоминг тұрғыны Энди Сэнднесспен алғаш рет кездесті.

Росс бейтаныс еркектің бетін ұстап, жылап жіберді. Бірақ Сэндесстің келбетінің марқұм болған күйеуінің түрінен өзгешелеу екенін байқап, бірден өзіне келген. Сэндесс бұрын өзіне қол жұмсамақ болған. Нәтижесінде беті жарақаттанып, түрі адам-танымастай болып өзгерген. Росстың айтуынша, жаңа бет орнатылғаннан кейін, Сэндесстің өмірі оң жаққа өзгергендей болып көрінген.

«Мен өзімді мақтан еттім», – дейді Росс.

Сонымен қатар ер адам Лилидің бір жасар баласымен кездесті. Сәби Сэндесске ұзақ уақыт қарап, жатырқамастан қолына алуын сұрады. Сэндесс пен Росстың сөзінше, олар өздерін толыққанды отбасы ретінде сезінеді және жақын қарым-қатынас құрмақ.

2006 жылы Сэндесс күйзеліс салдарынан винтовканың көмегімен өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда аман қалғанымен, түрі адам шошырлықтай болып қалған. Ол ұзақ уақыт бойы бетін қалпына келтіре алмаған. Тек 2012 жылы Миннесоттағы Мэйо клиникасы трансплантация  мүмкіндігін зерттей бастаған. Үш жыл бойы ер адамды отаға дайындап, 2016 жылдың қаңтар айында өзгенің ағзасын қажетсінетіндер тізіміне енгізілген. Мұнан кейін 5 ай өткенде Сэндесске ота жасалып, өзіне қол жұмсаған Кэлен Росстың беті ауыстырып қойылды. Оның жесірі марқұм күйеуінің бетін ғана емес, өкпе, бүйрек және басқа да ағзаларын беруге келіскен.

Оқи отырыңыз:

Балаларымыздың денсаулығындағы кінәраттың себебі неде?

Facebook негізін қалаушылардың бірі: Әлеуметтік желілер – миымызға зиян

Ғалымдар: Мысықтар балалардың демікпе ауруына шалдығуының алдын алады

Үкімет жасанды ұрықтандыруды тегін медициналық көмектің тізіміне кіргізбек

Талқылау