Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерлестері Александр Зайчиковке ақ боз ат сыйлады (фото)

Еліміздің мақтанышына айналған спортшы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков Қазалы жұртшылығымен кездесті.

20160901174321

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан әкімінің орынбасары Қаржаубаев Сыр бойылық толағайға жерлестерінің үкілеген үміттерін ақтағаны үшін алғысын білдіріп, Зайчиковпен қазалылықтардың мақтанатынын жеткізді. Сондай-ақ, чемионға ақ боз  ат мінгізді.

????????????????????????????????????

Александр өз сөзінде бұл жеңістің  талмай еткен еңбектің жемісі мен жанкүйерлердің қолдауының нәтижесі екенін айтып, егемен елдің абыройын биікке көтеремін деген уәдесін берді.

Айта кетейік, ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында 105 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қоссайыс қорытындысы бойынша 416 келіні еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола жүлде салған болатын.

Бұған дейін Александр Зайчиков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылорда облысының әкімі зілтемірші Александр Зайчиковке темір тұлпар мінгізді

Александр Зайчиков мектепті қазақ тілінде бітірген

Қызылордада әлем чемпионы Зайчиковке 3 бөлмелі пәтер берілді

Талқылау